Шағын және орта бизнестің проблемалары талқыланды

(Дауыстар: 1)
Шағын және орта бизнестің проблемалары талқыланды

Астанада өткен Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитеті мен Қазақстан кәсіпкерлері Ұлттық палатасының кеңейтілген мәжілісінде еліміздің шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы өзекті проблемалар талқыланды.

Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен бейнережимде өткен кеңесте қазақстандық шағын және орта бизнес өкілдері өздерін толғандырып жүрген мәселелер аз емес екенін жеткізіп, өңір кәсіпкерлері шырғалаңнан шығудың тетіктерін ұсынды.

Қазақстан кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаеваның айтуынша, кәсіпкерлік саласындағы басты түйткілді мәселе - кадр даярлауға, бизнесті жүргізудің бүге-шігесін меңгерген мамандардың аздығына келіп тіреліп тұр. Сондықтан саланы мықты мамандармен қамту - бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік саясаты аясындағы айрықша шараға айналуы тиіс. Ұлттық палата төрағасының орынбасары кеңесте барлық облыстардағы шағын және орта бизнеске тән тағы бір проблема - кәсіпкерлердің қаржы ресурстарына қол жеткізе алмауында, несие алуда көптеген кедергілерге тап болып отыруында екендігін баяндады. Шынайылықтан әлдеқайда алшақ жатқан кепілдік талаптары, банктердің жоғары пайыздық үстемелері бизнестегі ахуалдың жақсаруына мүмкіндік бермей келеді.

Бизнеске тарифтері жыл сайын көтеріліп, өндірістің ұлғаюына тұсау болып тұрған монополист-кәсіпорындармен қалыптасқан өзара күрделі қарым-қатынастың да тигізіп отырған кері әсері көп. Гүлнар Құрбанбаева аймақтардағы кәсіпкерлердің мемлекеттік органдар қызметтеріне байланысты іс-шараларда бюрократияға тап болу жағдайлары әлі жойылмай келе жатқанын, соның салдарынан пара беру сияқты жемқорлық фактілері кездесетінін айтты.

Мемлекеттік сатып алу, кедендік, салықтық, техникалық реттеу қызметтерінде де күрмеулі мәселе көп.

Кәсіпкерлерді қағазбастылықтан, көп күттіруден арылту мақсатында қолға алынған жеңілдету, қысқарту шаралары жасалынғанымен, қолайсыздық тудырып отырған жәйттер әлі де жетеді. Осыған орай ел кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы “Бизнестегі проблемалар тізбегі” мен “Проблемаларды шешу картасын” жасауды ұйғарып отыр. Бизнестегі аса өткір деген проблемаларды шешу үшін палата ішінен Парламент депутаттарының қатысуымен кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес құрылған. Қазіргі күні кеңестің филиалы барлық облыста жұмыс істеп жатыр.

Жиын барысында облыстардағы кәсіпкерлер де өздерін алаңдатып отырған мәселелерді ортаға салды. Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлері кәсіподағының төрайымы Галина Казанцева 1992 жылы шыққан Семей атом полигонынан зардап шеккендерге әлеуметтік экологиялық төлем төлеуге байланысты заңға сай аталған төлемдер ай сайын (еңбекақыға қосылып) кәсіпкерлердің (жұмыс берушілердің) қаражатынан төленіп келе жатқанын, облыстың шағын және орта бизнес субъектілеріне едәуір шығын шығартып, әжептәуір салмақ түсіріп отырған бұл әлеуметтік төлемдерді республикалық бюджеттен, республикалық әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетіндей етіп, өзгертілсе деген ұсынысын айтып, осы төлем төлеу мәселесіне және облыс тұрғындарына төлемдерді төлеу тәртібіне орай Бас прокуратураға кәсіподақ тарапынан бірнеше рет хат жазылғанымен, бірнеше жылдан бері шешімін таппай отырғанын жеткізді. Галина Казанцева сонымен бірге “Еңбек кодексіне” өзгертулер енгізіп, шағын кәсіпкерлік нысандары мен ірі кәсіпорындарға бірдей қойылып отырған еңбек қорғау талаптары жеңілдетілсе деген ұсынысын білдірді.

Елбасының биылғы Жолдауында “Бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек. Қазақстан бизнесті дамытуға аса қолайлы жағдайы бар елдер тобына кіреді және біз бұл үрдісті жетілдіре түсуіміз керек”, - делінген болатын. Облыстағы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Игорь Шацкий болса, біздің облыста жер алу, оны жеке меншікке айналдыруға қатысты рәсімдеу құжаттарының тіпті, екі-үш жылға созылып кететінін, кадастрлық тіркеу жұмыстарында бірін-бірі қайталайтын құжат толтыру шараларының көптігін айтып, комитет мүшелерінен оларды тиімді шешуге ықпал етуді өтінді.

Жиын қорытындысы бойынша әлеуметтік-мәдени даму комитеті бизнестегі проблемаларды шешуге байланысты Үкіметке жолдау үшін нақты ұсыныстар қабылдады.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар