Доллар бағамы өзгергенмен үй бағасы өзгермейді

(Дауыстар: 1)
Доллар бағамы өзгергенмен үй бағасы өзгермейді

Доллар бағамы өсті. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотымыз не болмақ? Компенсация төлене ме? Көпшіліктің көкейінде жүрген бұл сауалдарға баспасөз мәслихатында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Нұрлан Күзембаев жауап берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Баспасөз мәслихатында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның 2016 жылға арналған жоспары мен биыл атқарылған жұмыстардың нәтижесі сөз болды. Шығыс Қазақстанда «Қолжетімді баспана - 2020» бағыты бойынша жалпыға бірдей және жас отбасыларына арналған үйлер салынып жатыр. Келісімшартқа сәйкес биыл он үй қолданысқа берілмек. Яғни, 861 отбасы баспаналы болмақ. Ал жас отбасыларына жоспар бойынша 7 үй салынатын болса, оның екеуі қолданысқа беріліп қойды. Жалпы саны 107 жас отбасы қоныс тойын тойлап үлгерді.

Сонымен қатар 19 ықшам ауданда салынып жатқан мансардты үйлер жыл аяғына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі. Аталмыш банк филиалының басшысы Нұрлан Күзембаевтың айтуынша, мансардқа салынған пәтерлердің басқа пәтерлерден айырмашылығы сапасында ғана.

- Мансардқа салынған пәтерлер аласалау болып келеді. Төбесінің жартысы ағашпен жабылады. Ал әжетханасы мен жуынатын бөлмесі бірге. Бірақ осыған дейін мансардқа салынған үйлерден алған тұрғындар наразылық білдірген жоқ. Тек Молдағұлова көшесінде салынған үйлердің біразынан сапасыздық байқалған болатын. Ол қалпына келтірілді, - дейді Нұрлан Күзембаев.

Баса айта кетерлігі, мансардқа салынған үйлердің көлемі жағынан басқа үйлерден айырмашылығы болмағанымен бағасы едәуір арзан. Мысалы қатардағы пәтерлердің шаршы метрі 100 мың теңге болса, мансардқа салынған пәтерлер 80 мың теңгеден саудаға түсіп отыр.

Келер жылы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша Өскеменде үш үйдің құрылысы аяқталып, әр шаршы метрі 110 мың теңгеден 261 пәтер пайдалануға беріледі. Байқағанымыздай, бағасында өзгеріс болмайды. Негізінен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы сатылып жатқан үйлердің құны нарықтық бағадан әлдеқайда төмен. Аталмыш бағдарлама бойынша Семейде де құрылыс қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.

Облыс халқын тұрғын үймен қамту мақсатында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Ертіс ӘКҚ» АҚ жыл басында келісімшарт жасасқан болатын. Осыдан былай «СПК Ертіс ӘКҚ» АҚ қызметкерлері құрылыс сапасын қатаң қадағалайтын болады. Бұл келісім негізінде 2016 жылы Өскеменде 268, Семейде 315 пәтерлі үйлердің құрылысы басталмақ. ТұрғындардыңЕл есіне сала кетейік, 16 қазаннан 15 қарашаға дейін аталмыш бағдарлама бойынша Семейдегі тоғыз қабатты үйге өтініш қабылданып жатыр. 36 пәтерлі ол екі үй Ә. Қашаубаев және Народный көшелерінде орналасқан.

Ал доллар бағамының өзгеруіне байланысты банк салымшыларына өтемақы төлеу алдағы күннің еншісінде. Нұрлан Күзембаев өтемақының нақты қашан төленетінін дөп басып айтқан жоқ. Бір білетініміз, тиісті өтемақыны салымшылардың барлығы алып үлгіреді.

- Қазіргі уақытта банк клиенттеріне берілетін өтемақы жөніндегі қажетті құжаттарды Үкіметпен бірге әзірлеп жатырмыз. Жақын күндері бұл мәселе шешімін табады. Әзірше банк салымшылары жергілікті халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып электронды қолтаңба алып қойғандары абзал, - дейді Нұрлан Күзембаев.

Шығыс Қазақстанда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» 47 мыңнан астам салымшысы бар. Олардың 30 пайызы аудандарда тұрады. Банк мамандарының айтуынша, аудан тұрғындары өтемақысын алу мақсатында арыз жазу үшін банк филиалына келудің қажеті жоқ. Алдын ала жасалған электронды қолтаңбасы, банк сайтында ашылған жеке кабинеті болса болғаны. Тиісті өтінішті үйінде отырып-ақ беруіне мүмкіндік бар. Сонымен қатар банк салымшылары жылдағы мемлекеттен берілетін сыйақыдан да құр қалмайды.

Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар