Тренингке қатысушы журналистер арасында байқаудың жеңімпаздары анықталды

(Дауыстар: 1)
Тренингке қатысушы журналистер арасында байқаудың жеңімпаздары анықталды

Ағымдағы жылдың 30 қазан күні Астана қаласында ҚР Инвестиялар және даму министрлігі мен Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі бірігіп ұйымдастырған тренингте республикалық және аймақтық 40-қа жуық баспасөз өкілдері қатысқан байқаудың қорытындысы жарияланды.

Тренинг биыл қыркүйек айында басталған Ұлттық инновация байқауы ауқымында ұйымдастырылды.

Тренингті ашып берген ҚР Инвестиция және даму министрлігінің баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы БАҚ-тың инновациялық үдерістерді халыққа тарату мен мемлекеттің өнертапқыштар, жас ғалымдар мен кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы саясатын танытудағы ерекше рөлін атап өтті.

Атап айту керек, бұл Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік тарапынан өткізіліп отырған журналистерге арналған екінші тренинг. Бұл жолы агенттік өкілдері инновациялық грантқа қол жеткізудің жаңа шарттарына ерекше тоқталып өтті.

Инновациялық грант алу тәртібіне 2015 жылғы қазан айында бірқатар өзгерістер енгізілген болатын. Ең алдымен, грант ұсынылатын басым бағыттар 8-ден 16-ға дейін кеңейтілді. Жаңадан нано және ғарыш, жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі, фармацевтика, медицина, биоинженерия, гендік инженерия, агрохимия мен робот техникасының прогрессивтік технологиялары тәрізді жаңа бағыттармен толықты.

Сондай-ақ, технологияларды коммерцияландыруға берілетін гранттың мөлшері 100 млн.теңгеге дейін ұлғайды. Сондай-ақ, бизнес пен ғылым өкілдерінен құралған консорциумға ұсынылатын жаңа грант түрі мақсатты технологиялық бағдарламалар іске қосылды. Жаңа грант 800 млн.ға дейін кәсіпорындардың нақты проблемаларын шешуге бағытталған тапсырмаларды шешу үшін жұмсалатын болады.

Ақылды автокөліктер саласындағы жоғары технологиялы жоба болып саналатын "Mobiliuz" компаниясының бас директоры және құрылтайшысы Руслан Егембаев жоғары технологиялардың өмірге келу үдерісі жайлы тәжірибесімен бөлісті.

"Орыс тіліндегі үздік интернет материал" номинациясы бойынша Казинформ агенттігінің тілшісі Дамир Байманов, "Басылымдағы қазақ тіліндегі үздік жарияланым" номинациясы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық "Дидар" газетінің тілшісі Жанаргүл Мұқатай, ал "Басылымдағы орыс тіліндегі үздік жарияланым" номинациясы бойынша "Батыс Қазақстан облыстық "Приуралье" газетінің тілішісі Багунакова Альбина жүлдегер атанды. "Қазақ тіліндегі телевизиялық сюжет" номинациясын Евразия телеарнасының тілшісі, журналист Берік Дүйсембай жеңіп алды.

Ал, байқаудың бас жүлдесіне қазақ тіліндегі үздік интернет материалдың авторы Baq.kz порталының журналисті Нұрлыбек Досыбай иеленді.

Тренинг қорытындысы бойынша республикалық және аймақтық БАҚ өкілдеріне диплом табыс етілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Ақпан 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
Жаңалықтар