Жарманың жеңімпаздары

(Дауыстар: 1)
Жарманың жеңімпаздары

Семей қаласында түрлі дәрежедегі халықаралық байқаулар жиі өтіп тұратыны әдеттегі жағдай. Бірақ осы жолғы байқаудың орны ерекше. Өйткені, Халықаралық Қазақ творчествалық бірлестігі «Бейбітшілік әлемінің» ұйымдастыруымен 4-5 қарашада өткен «Мәңгі ел, Қазақстаным!» атты балалар мен оқушылары арасындағы фестивалде өңіріміздің талай талантты шәкірттері өз өнерлерін жарқырата таныта алды.

Жарма ауданы бұл фестивальге үш бірдей білім ошағынан: Георгиевка орта мектебінен, Абай атындағы мектеп-гимназиясынан және Маяковский атындағы орта мектепептерінің өнерпаз оқушыларын үкілеп аттандырды.

«Мәңгі ел, Қазақстаным!» атты балалар мен оқушылары арасындағы фестивалдің түрлі номинациялары бойынша жеке орындаушылар арасында Мақсат Ельнар, Айтқұрман Дильназ, Шәріпқан Бабыр, Нұрсамет Арна және Майчекенова Ақеркелер бірінші орынды иеленсе, топтық өнер көрсетуде М. Қызжанова, Б. Ауғанбаева және Г.Кокашева жетекшілік ететін «Моншақтар» хореографиялық би тобы мен «Іңкәр» бишілер тобы бірінші орынды еншіледі.

Жармалық оқушылардың жерлестерін қуантқан басты табысы «Шара Danse» хореографиялық би тобы мен «Вокал» номинациясы бойынша Құрбан Қымбат, Мәулетбеков Нұрдәулет дуэтінің Бас жүлдені жеңіп алулары болды.

Осылайша өнер десе дес бермейтін жармалықтар өздерінің ән мен биден қара жаяу еместіктерін тағы бір танытып, мерейлері асып оралды.

Және өнерпаз шәкірттердің осы қатысуға мүмкіншілік жасаған демеуші ата-ана Мәриям Батырханқызы Сүлейменова алғысы зор.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Мәдениет

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар