Семейде үшінші жылу электр орталығы салына ма?

(Дауыстар: 1)
Семейде үшінші жылу электр орталығы салына ма?

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов қытайлық Хайюань энергия құрал-жабдықтарын шығаратын компаниясының бас директоры Ши Жинг Ху мырзамен кездесіп, Семей қаласында үшінші жылу электр орталығын салу жөнінде келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кездесу кезінде аймақ басшысы аталмыш нысанның құрылысын жүргізуге ниет білдіріп отырған шетелдік компания өкілдеріне ең алдымен нақты іс-қимыл жоспары құрылуы керек екенін айтып, мұнсыз ешқандай жұмыс басталмайтынын ескертті.

Естеріңізге салайық, бүгінде Шығыс Қазақстан үшін тағы бір ірі жылу электр орталығын салу - күн тәртібінде тұрған мәселенің бірі. Бұл нысанның іске қосылуы Семей қаласының жылу жүйесін оңтайландырып қана қоймай, қоршаған ортаға шығарылатын зиянды қалдықтардың мөлшерін анағұрлым азайтпақ. Мұнымен қоса, жалпы жылу жүйелерінің сапасы да артады. Жалпы, аталмыш ЖЭО жобасы ойдағыдай жүзеге асса, шаһарда біріктірілген жылу мен электр энергиясын тиімді өндіру технологиясының негізіндегі жаңа жылу көзі пайда болады. Мұны өз сөзінде қытайлық инвесторлар да ерекше атап өтті.

- Жаңа стансаның электрлік қуаты 450 МВт-ты құраса, жылыту күші сағатына 600 Гкал-ға дейін жетпек, - деді өз сөзінде Хайюань компаниясының бас директоры Ши Жинг Ху мырза.

Бүгінде жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғанын айта кеткен орынды. Сонымен қатар, облыс әкімдігі, еліміздің Энергетика министрлігі және де «Unit Altai Investment» серіктестегі арасында Семейде жаңа жылу электр орталығын салу жөнінде үшжақты меморандумға қол қойылған.

Дәл осындай ауқымды жобаның жүзеге асырылуы, сөз жоқ, Семей өңірінің қарқынды дамуына айрықша үлес қосады. Ертістің сол жағалауында орналасқан қала бөлігінің жылу мәселесі біржолата шешімін тауып, шаһардың экологиялық ахуалы да айтарлықтай жақсарады.

- Қытайлық инвесторлар шындап қызығушылық танытса, онда нақты жұмыс жоспары жасалуы керек. Бұл жоспардың ішінде атқарылатын шаруалардың бәрі тәптіштеп жазылған алгоритм болуы тиіс. Бұл істі созбақтамай, тездетіп шешкеніміз жөн. Тараптар осы айтылған шаруаларды тындырғаннан кейін ғана құрылыс жұмыстары туралы нақты әңгімеге көшуге болады. Ал әзірге бұл жұмыс құр сөзден ары аспауда, - деген облыс әкімі Даниал Ахметов жаңа стансаны салатын мердігер компания туралы көбірек білгісі келетінін айтып, құрылыс жұмыстарына қанша уақыт қажет екенін сұрады.

Аймақ басшысы қытайлық тарапты жұмыс белгіленген кесте бойынша жүргізіліп, уақтылы аяқталуы керек екенін қадап ескертті.

Айта кетер жайт, келісім бойынша Семейдегі үшінші жылу электр орталығы 2020 жылға дейін пайдалануға берілуі тиіс. Алдағы аптада облыс әкімі бастаған шығысқазақстандық делегация Қытайдың Үрімжі қаласына аттанып, онда аталмыш мәселені шешу мақсатында шетелдік инвесторлармен қосымша кездесулер өткізбек.

Ал осы аптаның соңына дейін тараптар аймақ басшысының ұсынысы бойынша Өскеменде тағы бір рет кездесу өткізетін болады.

Нұржан Кенжеұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар