Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған сурет көрмесі ашылды

(Дауыстар: 1)
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған сурет көрмесі ашылды

2015 жылғы 10-қарашада Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан өнер мұражайында «Менің Қазақстаным» атты ауқымды жобаның аясында қылқалам шеберлерінің Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарих толқынында» атты сурет көрмесі ашылды.

Биылғы жылы еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі болатын Қазақ хандығының 550 жылдығы кеңінен атап өтілуде. Бұл айтулы датаның өзінің биік деңгейінде өткізілуіне өзге сала қызметкерлерімен бірге қылқалам шеберлері де айтарлықтай үлес қосып келеді. Соның бір айқын дәлелі - өнер мұражайындағы көрме. Қазақ хандығының құрылуы Қазақстанның мемлекет ретіндегі тарихының алғашқы парағын ашып берді. Алғашқы қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің әйгілі көшінің арқасында ұлтымыздың қазақ деген қазіргі атауы қалыптасты. Сондықтан да бұл датаның біздің халқымыз үшін маңызы ерекше.

- Бүгінгі көрмеде біз тарихтың тереңіне үңіле отырып, бабаларымыздың мұраттарын қайтадан жаңғыртуға, қазіргі қоғамның бірлесуі мен өзара шоғырлануының өміршең формаларын түзіп шығып, ерте заман мен жаңа заманның сабақтастығын негіздеуге тырыстық, - дейді өнер мұражайының сектор меңгерушісі Гүлнара Капсанова, - тарихтың ғылым ретіндегі оғаштау қасиеті - өткен заман туралы білімді бізге жанама түрде ғана беретіндігі. Ақынның, жылнамашы мен суретшінің өз заманынан жүз пайыз бейтарап және әділ болуы мүмкін емес. Көркем шығарма, сурет, ән тарихты ұрпақтың жадында ұзақ сақталатындай, нақты болған оқиғадан бөлектеу етіп, қайтадан жазып шығатын сияқты.

«Тарих толқынында» атты көрме көне және қазіргі заман оқиғаларын суретшілердің нақ осылайша талдауы, түсінуі арқылы көрермендерге ұсынып отыр. Суретшілер - тарихшы емес. Олар көрерменге өз туындыларын уақытты ерекше, көркем, қылқалам шеберінің субъективті, әсерлі қабылдауы түрінде ұсынған. Мәселен, суретшілер Құдаш Нұрсадықов, Гүлнар Бекбердинова, Ержан Тұрғанбаев Қазақ хандығының мұрасын тек ерлік, эпикалық нұсқада емес, күнделікті өмірдегідей, суретшілер «тұрмыстық» деп атайтын жанрда көре білген. Қайсан Қадырбеков Абылайханның образын шартты көркемдік кеңістікте сомдаған. Мұндағы суреттің қос қапталындағы собор мен қытай қорғанының архитектуралық нышандары Қазақстанның Ресей мен Қытай арасындағы кеңістігін білдіреді.

Бұл көрменің Өнер мұражайында 2015 жылы көрсетілген басқа көптеген экспозициялардан өзгешелігі, ең алдымен, оның «кездейсоқ» еместігінде. Суретшілер осы тақырыпта бір жұма плэнерде болып, арнайы жұмыс істеді. Бұл көрмеде өнер мұражайы көрермендер назарына республикамыздың әр өңіріндегі қылқылам шеберлерінің жұмыстарын ұсынып отыр. Олардың арасында Алматыдан - Б. Сейсенханұлы, Павлодардан - А. Әубәкір, Қ. Нүркенов, Семейден - Ғ. Макаров, Т. Жұбанышев, Өскеменнен - Е. Тұрғанбаев, Н. Аштема, Г.Бекбердинова, облысымыздың Тарбағатай ауданынан Е. Сүлейменов сынды танымал қылқалам шеберлерінің жұмыстары қойылған.

Көрмеден сіздер пейзажды, соғыс сюжетті жанрдағы және бейбіт өмірдің тұрмыстық жанрындағы туындыларын көре аласыздар. Көрмеге қойылған кескіндемелер стиллистика жағынан біршама әртүрлі болып келеді. Бұл орайда, таңдалған тақырып авангардтық пластикада, символизм мен мықты реализм тұрғысынан жеткілікті түрде шешімін тапқан деп айтуға әбден болады. Көрме келесі жылдың ақпан айына дейін жұмыс істейді.

Айтмұхамбет Қасымов,
өнер мұражайының қызметкері
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар