Автожолдар қардан жедел тазартылуы тиіс

(Дауыстар: 1)
Автожолдар қардан жедел тазартылуы тиіс

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов облыстық және республикалық дәрежедегі автожолдар бойынша қар алатын учаскелердің және техникаларды жұмылдыру шараларының бірыңғай сызбасын әзірлеуді міндеттеді. Осылайша, жолдарды тазалаудағы жеделдікті арттыру көзделуде. Бұл жайлы ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандары республикалық және облыстық трассалардағы қар барынша жиі алатын телімдерді атап, төтенше жағдайлар кезінде атқарылатын қолданыстағы өзара іс-қимыл жобасын ұсынды.

Жолдарды қардан тазартуда жеделдікті арттыру және төтенше жағдайлар салдарын жою үшін Шығыс Қазақстан әкімі барлық тиісті қызметтердің өзара іс-әрекеттерін күшейту қажеттігін атап көрсетті, бұл жұмыстарды облыстық төтенше жағдайлар департаменті үйлестірмек.

- Бізге қар жиі алып қалатын учаскелердің және техникаларды жұмылдыру барысының бірыңғай сызбасын дайындау керек. Әрбір ұйым Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент пәрмені бойынша алдын ала белгілі мөлшерде техника жөнелтуі тиіс. Жолдарға қандай дәрежедегі мекемелердің қызмет көрсететіні жұртшылық үшін маңызды емес, маңыздысы - жолдардың ашық болуы, дер кезінде қардан тазалануы. Ең бастысы, жолдардың қардан жедел тазартылуын қамтамасыз ету, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Осы жұмыстардың бәрі де 20 қарашаға дейін аяқталып, барлық қар тазалау техникалары тексеруден өтуі қажет.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар