Халықаралық зағиптар күніне орай байқау өткізілді

(Дауыстар: 2)
Халықаралық зағиптар күніне орай байқау өткізілді

Халықаралық зағиптар күніне орай Семей қаласында «Сыйқырлы алты нүкте» атты байқау өткізілді.

1745 жылдың 13 қарашасы француз педагогы, зағип жандарды оқыту әдісінің негізін қалаушы Валентин Гаюидің дүниеге келген күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен 13 қараша Халықаралық зағиптар күні болып белгіленіп, 1984 жылдан бастап аталып келеді.

Тарих бетіне көз жіберсек, 1784 жылы Париж қаласының тұрғыны Валентин Гаюи жергілікті биліктің, қайырымдылық қоғамдардың көмегінсіз өз қаражатына көздері көрмейтін зағип балаларға арналған әлемдегі алғашқы мектепті өз үйінде «Еңбекқор зағиптардың шеберханасы» деген атпен ашқанын білеміз. Сонымен қатар, зағип жандарға арналған бедерлі «унциал» деп аталатын қаріптерді ойлап шығарып, жазуға арналған құралдар жасады. Өте үлкен материалдық шығынына қарамастан ол мектеп жанынан типография салып, бедерлі қаріптермен бірнеше кітап басып шықты. Бұл зағиптарға арналған алғашқы кітаптар еді. Валентин Гаюидің кітаптарымен зағип жандар Луи Брайльдің қазіргі уақытта бүкіл әлемде әмбебап қолданылатын бедерлі алты нүктелі жүйесін еңгізгенге дейін қолданған. 1963 жылы брайль жүйесіне қазақ әріптерін Ақан Қасымов енгізді. Сегіз жасында көз жанарынан айрылған Ақан Қасымов «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігіне көп еңбегі сіңген. Ол кісінің есімі саз әлемінде де танымал. Әуесқой композитордың 50-ден астам әндері мен аспаптық шығармалары бар. 30 шығармасы Қазақ радиосының алтын қорында Ескендір Хасанғалиев, Зейнеп Қойшыбаева, Венера Қармысованың орындауында сақталған.

Семей қаласында орналасқан арнайы кітапхана халықаралық зағиптар күніне орай, оқырмандарына «Сиқырлы алты нүкте» атты байқау өткізді. Байқау мәтінді жылдамдықпен оқу, брайль баспа машинкасымен басу, грифель құралымен жазу бөлімнен тұрды. Сондай-ақ, байқауға қатысушылар брайль жүйесін мектеп қабырғасында үйренгендер, өз еркемін үйренгендер, жаңадан үйренгендер арасында өткізілді. Қатысушыларға тапсырманы орындауға 3 минут уақыт берілді.

Биылғы жылғы байқаудың ең жас қатысушысы көздері нашар көретін балаларға арналған № 3 мектеп-интернатының оқушысы Данил Афанасьев, ең қарт қатысушы ақын-әжей Александра Савельева.

Байқаудың қорытындысы бойынша Клара Құсаинова, Марина Яркова, Александара Савельева жоғары көрсеткіштер көрсеткетті. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етіліп, кітапхана ұжымына алғыс айтылды.

Қоғамда тағдырдың сынағына ұшырағанымен, қиындыққа мойымған жандар сырт көзге сынағанымен, рухани күші мол екендігін тағы бір дәлелдеді.

Анар Қуанғалиева,
Семей қаласының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Қоғам

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар