Көркем гимнастикадан халықаралық турнир басталды

(Дауыстар: 1)
Көркем гимнастикадан халықаралық турнир басталды

Өскемен қаласында көркем гимнастикадан халықаралық «Шығыс Грациясы» турнирі басталды. Чемпиондық атаққа барлығы 16 жас категориясы бойынша 200-ден астам спортшы таласуда, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өскемендегі Жекпе-жек сарайында өткен турнирдің ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар және көркем гимнастикадан Азия чемпионы Анна Алябьева қатысты. Қазақстан және Ресей қалаларынан келген спортшыларға облыс әкімінің орынбасары сәттілік тіледі.

- Көркем гимнастика өзінің аты айтып тұрғандай, спорттың ең бір көркем де күрделі түрі. Шығыстың табиғаты қандай сұлу болса, оның топырағынан жаралған спортшылары да сол сұлулыққа сай. Сіздердің барлықтарыңызға облыс басшылығының атынан сәттілік тілеймін. Жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер. Сіздердің араларыңызда да ертең ел байрағын биіктен желбіретер чемпиондардың тұрғанына сенімім мол, - деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар өзінің құттықтау сөзінде.

Анна Алябьева өз сөзінде үлкен жеңістердің барлығы осындай дәстүрлі турнирлерден басталатынын, көркем гимнастика қажырлы еңбекті талап ететін спорт түрі екендігін айтты.

Облысымыздың бас жаттықтырушысы Анар Жантасова негізгі үміт топтық өнер көрсетулерде екендігін айтады. Біздің облыстың бұл байқаудан алтын медаль алуға мүмкіндігі зор. Өйткені, өз дәстүрі қалыптасқан мектептің шәкірттері талай турнирлерде топ жарып жүргендігін айта кетуіміз керек. Ал жекелей өнер көрсетуде жерлестеріміз Рената Жолдинова мен Әлия Молдахметоваға үлкен сенім артылып отыр екен.

Көркем гимнастика шеберлерінің өнерін тамашалаймын дегендерге Жекпе-жек сарайының есігі айқара ашық. Жарыс, күн сайын сағат 10.00-де басталып, кешке дейін жалғасады. Сайыстың соңғы күнін де 200 спортшыдан іріктелген ең тәжірибелі гимнастшылар медальдарды өзара сарапқа салатын болады.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар