Жастар актерлер поэтикалық қойылымды сахналанды

(Дауыстар: 1)
Жастар актерлер поэтикалық қойылымды сахналанды

Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық драма театры Жастар труппасының актерлері «Сүйіңдерші, адамдар...» атты поэтикалық қойылымды сахналанды.

Спектакль адамның бүкіл саналы ғұмырын жіпке тізген маржандай етіп көрерменнің көз алдынан бір сәтте өткізіп шықты. Поэзияның сиқырлы үнімен басталған қойылым залда отырған қауымды ой мен сезім әлеміне еріксіз жетелейтін ерекше әлемге алып кеткендей болды. Өйткені, қойылымда бүгінгі күні өзіміз өмір сүріп жатқан ғасырдағы адамзаттың жан сырын ашып, келбетін бейнелеп, қазіргі заман проблемаларын көтерді. Өлең арқылы ойды әсерлі, образдық түрде нақты жеткізе білген актерлер де көрерменнің көзіне жас ұялатып, өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге шақырды.

Спектакльде адамдардың бойындағы екіжүзділік, сатқындық, мансапқорлық сияқты жағымсыз қасиеттер ашылып көрсетілді. Тіпті, мұнда қаржы тапшылығының салдарынан екіге бөлінген отбасының да өмірі бейнеленді. Сонымен қатар, жетімдер үйін паналаған сәбидің, шетел асып кеткен бүлдіршіндердің тағдыры да қойылымға арқау болды. Әсіресе, қойылым барысында шетелдік балақайдың «Мама, маған менімен бірге ойнайтын, өзіммен тілдесетін, бұзықтықты да бірге жасайтын, біздің тілімізді тез үйреніп алатын ойыншық әперші. Ондай қуыршақ Қазақстанда сатылады екен, анашым» дегені залда отырған кім-кімнің де болсын жүрегін тебірентпей қоймағаны анық.

Бұл спектакльде Абай Құнанбаевтың және белгілі ақындар М.Шаханов, Ф.Оңғарсынова, Ұ.Есдәулетов, Р.Есдәулетов, А.Елгезек, Қ.Еженбеков, М.Райымбекұлы, Қ.Маханов, Д.Ұябайдың «Сағыныш сен бе», А.Қоразбаевтың «Сен болмасаң», Н.Тілендиевтің «Ауылды сағындым ғой?» әндері шырқалып, өлеңдері оқылғанын айта кеткен жөн.

Қойылымды тамашалаған Алма Жанбаева спектакльдің ұнағанын айтты.

- «Адамның басы - адамның түрмесі» деген сөз тура айтылды. Себебі, адамдар әрқашан өз ойының құлы емес пе?! - дейді Алма Жанбаева.

Қойылым соңында сахна төріне көтерілген режиссер Айдын Салбанов актерлердің бір ай бойы тыңғылықты дайындалғандығын айтады.

- Адамның адам деген аты жоғалмаса екен деген ниетпен бүгінгі қойылымды сахналап отырмыз. Негізі, бұл спектакль бас-аяғы 20 шақты өлең мен қазақ композиторларының әндерінен құрылды, - дейді Айдын Салбанов.

Ажар Сағатбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар