Өскемен өңіріне жаңа өкіл имам тағайындалды

(Дауыстар: 1)
Өскемен өңіріне жаңа өкіл имам тағайындалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бұйрығымен осы басқарманың Шығыс Қазақстан облыстық мешіттің бас имамы Нұрлан қажы Асанов қызметінен босатылып, оның орнына Алматы қаласы Медеу аудандық «Райымбек батыр» мешітінің бас имамы Ермек Мұқатай тағайындалды. Ал Нұрлан Байжігітұлы Ақтөбе облысындағы өкіл имам, «Нұр ғасыр» мешітінің бас имамы болып тағайындалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жаңадан келген өкіл имамды жамағатқа таныстырып, Нұрлан қажыны құрметпен шығарып салу салтанаты кеше, қасиетті жұма күні облыстық мешітте болды. Жұма намазы алдында дүйім жұрттың алдында бұрынғы имамның дәстүрлі дінімізді өркендету жолындағы Шығыс өңірінде атқарған игі істері туралы айтылды.

- Нұрлан Байжігітұлы біздің облыста бес жылға жуық қызмет етті. Осы уақыт аралығында ол халықпен де, билікпен де етене араласып, ата-бабамыздан келе жатқан асыл дініміздің құндылықтарын насихаттап, оны әсіресе, жастардың бойына сіңіруде үлкен жұмыс атқарды. Мына отырған зәулім мешіттің бой көтеруіне және іші жамағатқа толуына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Жаңа мешіттің ыстығына күйіп, суығына тоңған еңбегіңіз жұрттың көз алдында және ешқашан ұмытылмайды. Сіздің алдағы қызметіңізге табыс, отбасыңызға амандық тілейміз, - деген облыстық дін істері басқармасының басшысы Манарбек Мұхамеджанов дәстүрлі исламды дамытуға сіңірген еңбегі үшін алғыс хат табыс етті.

Сонымен қатар жиын барысында Нұрлан қажыға Өскемен қаласының әкімі Т. Қасымжановтың сәт сапар тілеген, еңбегіне алғыс білдірген арнайы хаты оқылып, сый-сияпат жасалды.

- Ардақты ағайын! Осы төрт жылдан астам уақытта мен сіздерге Алланың қалауымен шамамның жеткенінше барлық білімім мен білігімді сала қызмет жасадым. Білмеген жерімді сіздерден үйрендім. Шығысқа мен кіндігімнен байланбасам да, жүрегіммен байландым. Сіздермен бірге өткізген әрбір күн мен үшін қымбат, - деп көзіне жас алып тұрып сөйлеген Нұрлан қажы Асанов жиналған қауымға ризашылығын білдірді.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар