Ел болашағы - жастардың қолында

(Дауыстар: 2)
Ел болашағы - жастардың қолында

Жастар - жаңашылдықтың бастауы десек қате айтпаспыз. Елбасының «100 нақты қадам» салиқалы саясатының аясында жастарға арналған бірнеше жалпыұлттық бағдарламалар іске асырылуда. Бұл бағдарламалар бойынша ауылға келіп қызмет істеп жатқан жастар да баршылық. Көптеген жобалардың арқасында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің түлектері өз мамандықтары бойынша өмірдегі өз орындарын табуда. Бүгінгі таңда жастарымыздың таңдаған мамандығы бойынша білім алып, қалаған салада еңбек етуіне мол мүмкіндіктер бар.

Осы бастаманы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры Ағабаев Шәріпбек Әмірбекұлы қолға алған еді. Осылайша, 16-20 қараша аралығында Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің 4 курс студенттері Шимонайха ауданы, Семей қаласы, Аягөз ауданы, Тарбағатай, Жарма, Бесқарағай сынды аудандардың жергілікті басқару органдарымен кездесті. Алдымен аудан басшылары жиналған қауым алдында аудан бойынша барлық салалардың экономикалық өсу деңгейі, әлеуметтік саладағы атқарылып жатқан жұмыстар турасында жан-жақты мәлімет берді.Сонымен қатар, аудан басшылары жастар саясатындағы жаңа бастамалар, атқарылып жатқан игі істер, жастар үшін барлық жағдайлар жасалып жатқандығын, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмысқа орналасқан жас мамандар, гранттар беріліп жыл сайын ынталы жастардың көптеп қосылып жатқандығын , оларға жасалған жағдайлар жайында егжей-тегжейлі әңгімеледі. Мекеме басшылармен өткен кездесуде студенттер өздерін толғандырып жүрген жайларды бүге-шігесіне дейін сұрап білді. Тіпті, алдын - ала мәліметтерге қарағанда, ауылға барам деушілер де аз болмады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар