Гір көтеруден халықаралық турнирде төрт алтын алды

(Дауыстар: 1)
Гір көтеруден халықаралық турнирде төрт алтын алды

Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті «Арлан» арнайы мақсаттағы жасағының қызметкері Айдын Алпысов гір көтеру бойынша өткен халықаралық турнирден төрт алтын алып, еліміздің абыройын асырып қайтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ресейдің Киров облысында өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері арасында гір көтеруден өтетін жеке және жалпыкомандалық ашық турнирге шақырту алған Айдын Алпысов Қазақстан намысын қорғауға Өскеменнен жалғыз аттанған-ды. 73 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз 10-нан астам мемлекеттің үміткерлері қатысқан дүбірлі додада қол қарымы мен мол дарынын көрсетіп, бірінші алтынын алады. Жалғыз жүріп жалпақ елді жалт қаратқан жігітке тәнті болған ресейліктер сол өңірде өткелі отырған тағы бірнеше турнирге қатысуға қолқа салады. Сайыс десе «ішкен асын жерге қоятын» Айдынның да тілегені осы емес пе?! Келісе кетеді. Ақыры, Григорий Кащеевті және В.Бабушкинді еске алуға арналған ашық турнирдің де екі алтынын еншісіне жазады. В.Бабушкинді еске алуға арналған сайыста 10 минутта 24 келілік гір тасын 102 рет көтеріп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленсе, гір спорты шеберлерінің қауымдастығы бір сағатта 16 келілік гір тасын 943 рет көтергені үшін «Батыр даңқы» аталымымен марапаттап, төртінші алтынды мойнына тағады.

- Мен негізі өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері арасында гір көтеруден өтетін ашық турниріне қатысуға ғана барғанмын. Бірақ жолым болып, бірнеше сайысқа қатысып, жеңіске жеттім. Мені қолдап, көмек қолдарын созып, осы сайысқа аттандырған қызметтестеріме, достарыма, бапкерлеріме көп рақмет, - дейді Айдын Әлімханұлы.

Бір сапарында төрт алтынмен оралған даңқты жерлесіміз - Марқакөл өңірінің тумасы. Бұдан бұрын да бірнеше халықаралық және әлемдік додаларда топ жарған болатын.

Мұратхан Кенжеханұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар