Тәуелсіздік жылдарындағы Елбасы еңбегіне ел риза

(Дауыстар: 1)
Тәуелсіздік жылдарындағы Елбасы еңбегіне ел риза

Семей қаласындағы №15 балабақша директоры Нұрсұлу Шақшабаева Елбасының жыл сайынғы Жолдауындағы талаптарды орындап, жемісті еңбек етіп келеді. Бұл ұжым жақында «Семей қаласының ең үздік балабақшасы» атағын жеңіп алып, алтын вымпельге ие болды. Нұрсұлу Шақшабаеваның қарамағында 32 түрлі маман иесі жұмыс жасайды, 18 педагог бар.

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің еліміздің дамуы, гүлденуі үшін көп күш жұмсады, - дейді Нұрсұлу Муслинақызы, - жаңа тәуелсіз мемлекеттің жас балғындарының өсіп-өркендеуінен бастап, ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты.Көптеген шетел елдермен қарым-қатынасты, дипломатиялық құқықтарды орнатты, соның бірі Жапон елі. Елбасы халқымызға қызмет етіп, көптеген заңдарды шығарды. Ол «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» стратерияларын құрды. Менің ойымша, бұл стратегиялар еліміздің дамуына ықпал етеді, әсіресе жаңа оқу бағдарламаларының құрылуына жол ашады. Қазіргі таңда Республикамызда он беске жуық «Зияткерлік мектептер», «Назарбаев университеті» құрылған. Осының барлығы президент жұмысының нәтижесі. Ол біздің тарихымызды көтерген тұлға, биыл міне, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығын тойладық, мен сонау 1983 жылы ЖенПИ-дің мектепке дейінгі бөлімін бітіріп келген кезде, бүкіл қала бойынша тек бір ғана қазақ тілді балабақша болды. Ал, бүгін міне, тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. Балабақшада «Қазақ тілі», «Тарих күні» мерекесін ұйымдастырып, оны өзге ұлт өкілдеріне дұрыс насихаттаудамыз. Қазақ балалары жеті атасын айтып үйренді. Өзім қазақ-қалмақ соғысында батырлары көп шыққан Арғын ішінде Шөптеміс ұрпағымын, бірақ әлі де болса жаудан жерді тазартқан қаһармандарымыздың өмірлері, еңбектері толық жазылып біткен жоқ, бұл болашақтың еншісіндегі іс деп ойлаймын. Қазақ хандығының 550 жылдығында елімізді осындай деңгейге көтергені үшін Елбасына разымын.

Тәуелсіздік жылдарындағы Елбасы еңбегіне ел риза

Айта кету керек, Нұрсұлу апай шынында да Арғын еліндегі батырлар көп шыққан Шөптеміс ұрпағы, сондықтан болар өз ұжымын жоғарғы біліктілікпен, ақыл-парасатымен басқаруда. Ұжым да өте ұйымшыл, педагогтардың барлығы үш тілде сөйлейді және балабақшаның кішкентай тәрбиеленушілерінің әрқайсысы өз ана тілдерін еркін меңгерген.

- Елбасымыз өзінің әлемге әйгілі Жарлығымен Семей сынақ полигонын жауып қана қоймай, ядролық қарудан таза аймақ құрды. Семей бүгінде «Мэрлер бейбітшілік үшін» халықаралық ұйымының мүшелігінде. Ұйымның басты мақсаты - 2020 жылға дейін ядролық қарусыз дамитын бейбіт өмір қозғалысына дүниежүзіндегі барлық қала басшыларын біріктіріп, бастарын қосу.

Аталған халықаралық ұйым 1985 жылдың тамыз айында Хиросима мен Нагасаки қалаларының мэрлерінің бастамасымен құрылған болатын. Олар 2020 жылға дейін Жер шарындағы ядролық қаруларды жою мақсатын көздейді. Қазірде «Мэрлер бейбітшілік үшін» ұйымының хат-шылығы Бельгияның Ипр қаласында орналасқан. Себебі, Ипрде бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде химиялық қару қолданылып, көптеген тұрғындар зардап шеккен. Бүгінде ұйымның құрамында 5100 қала бар. Бұған дейін Қазақстанның төрт қаласы ұйымға мүше болса, енді Шығыс Қазақстанның барлық қалалары ұйымға кіріп, көрсеткішті еселей түспек. Осылайша, қалалар арасындағы бейбітшілік пен ядролық қарулануды тоқтатуға Шығыс Қазақстан өңірі де атсалысатын болды. Және осының аясында елімізде полигоннан зардап шеккен ел мен жерді сауықтыру, оларға жәрдем көрсету бағдарламасы іске қосылған. Соған орай, жақында Нұрсұлу Муслинақызы басқаратын Семейдегі №15 балабақшада Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Камохара Масаёсимен кездесу өтті. Кездесуде Жапонияның полигоннан зардап шеккен елге көмегі ретінде №15 балабақшаға орнату үшін пластикалық те-резелер табысталды. Елшіге балабақша директоры Нұрсұлу Шақшабаева Күншығыс елінің қолданбалы көркемөнер көрмесі мен балалар өнерінің түрлі еңбектерін көрсетті. Ұжым жұмысына елші жоғары баға берді.

Тәуелсіздік жылдарындағы Елбасы еңбегіне ел риза

№15 балабақша меңгерушісі Нұрсұлу Шақшабаева жапониялық дипломатқа алғыс айтып, ризашылығын білдірді және алғыс хат пен естелік ретінде балабақша тәрбиеленушілерінің, ұжымның, ата-аналардың атынан естелік сыйлық табыс етті.

- Президентіміз біздің Жапон елімен достық байланыс жасауына мүмкіндік беріп, халықаралық қатынастардың берік нығаюына үлес қосты,-деді кездесу барысында Нұрсұлу Шақшабаева, - менің ойымша, әр қазақстандық Президентімізбен мақтана отырып, оның игі істерін жалғастырулары керек. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі, мақтанышы мен абыройы деп санаймын.

Раушан Нұғманбекова,
суреттер автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Қоғам | Кілт сөдер: балабақша

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар