ШҚО құтқарушылар боранды жолдан бес адамды шығарды

(Дауыстар: 1)
ШҚО құтқарушылар боранды жолдан бес адамды шығарды
Өткен тәуліктерде Шығыс Қазақстанда қолайсыз метеожағдайлар кесірінен облыстық және республикалық маңызы бар ондаған жолдар жабылды. Кейбір қоршауда қалған учаскелерде құтқарушылардың көмегі қажет болды.

Таңертеңнен Қалбатау арқылы өтетін жол барлық көліктер үшін жабылды. Алайда, азаматтардың көбі жолдың жабылуына дейін шығып үлгерген. Бірақ қолайсыз ауа-райы өзінікін жібермеді. Көру мүмкіншілігі болмағандықтан қозағалыс тоқтатылды. Жол қызметтеріне көмекке «Нива-Марш» көліктері, өрт сөндіру қызметінің мамандандырылған жасағы және Шығыс өңірлік аэроұтқұр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шықты.

Бес адам, оның ішінде жүкті әйел және екі бала көшіріліп, құтқарушылардың автомобиліне отырғызылды. Көліктегі қалған адамдар, 130 машина және алты автобус құтқарушылармен шығарып салынды. Осы операцияның барлығы түн кезінде жүзеге асырылды. Алайда, шұғыл деректер бойынша таңертен, 64 шақырымда қайтадан көлік тұрып қалған. Көліктер тұр, адамдар көмек сұрауда. Қалбатаудың жолы таңертеңнен жабық болған және осы күнге дейін ашылмағандығын естеріңізге саламыз. Қазіргі уақытта осы учаскеден құтқару және көшіру жұмыстары жүргізілуде.

Тап сол кезде, Бесқарағай ауданында, Байбұра учаскесінде Өрт сөнедіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштерімен және жергілікті атқарушы органдармен жоғалып кеткен 68-жасар ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқан. Іздеу жұмыстарына 28 адам жұмылдырылды.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар