«Қазақстанның қанатты әйелдері» альманах-кітабы жарық көрді

(Дауыстар: 1)
«Қазақстанның қанатты әйелдері» альманах-кітабы жарық көрді
Ағымдағы жылы айтулы мерекелермен қатар бір Атаулы дата бар. Ол – Қазақстан іскер әйелдер Ассоциациясының 20 жылдығы. Соған байланысты Өскемендегі Пушкин атындағы кітапханада облыстық «Қазақстанның қанатты әйелдері» альманах-кітабының тұсаукесері өтті.

16 кітап болып шыққан альманахтың әрбір томы еліміздің әрбір аймағының беделді нәзік жандыларына арналыпты. Әр кітапқа түрлі салада аты шыққан 50 әйелдің есімі енген екен. Осы орайда, іскер әйелдер ассоциациясының кітабынан біздің өңіріміздің 250 қыз-келіншектерінің де есімін табуға болатынын айта кеткен жөн.
Тұсаукесерде алғашқы сөз кезегін алған ассоциация құрылған алғашқы күннен бастап мүшесі болған, қаламыздағы әйел-саясаткерлер клубының төрайымы Вера Сухорукова іскер әйелдер қауымдастығының құрылу тарихына, 20 жыл ішінде атқарылған жұмыстар мен іске асқан ауқымды жобалар туралы айтып өтті. Ал қалалық іскер әйелдер ассоциациясының белсенді мүшесі Надежда Степанчук кітапқа енген нәзік жандыларға жеке-жеке тоқталып, таныстырып өтті. Сондай-ақ, кітапқа енген 10 баланың анасы, 24 немере, 17 шөбере сүйіп отырған Сатыбалдиндер педагогтер әулетінің анасы Нағима Сатыбалдина сөз сөйлеп, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңесін айтты.

Шараны ұйымдастырушылардың бірі Жансая Ашкенова альманахтың алғысөзін – облыс әкімі Даниал Ахметов жазғанын айтады.

- Еліміздің жаңа саяси мәдениетін әйел адамның қатысынсыз қарастыру мүмкін емес. Альманах-кітапшада өз саласының майталманы атанып жүрген беделді де белсенді әйелдердің жетістіктері жайында жазылған, - дейді ол.

Ажар Сағатбекова

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар