"Торпедо" жылды жеңіспен бастады

(Дауыстар: 1)
"Торпедо" жылды жеңіспен бастады
Мешін жылын сәтті бастаған өскемендік «Торпедо» кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы Мисхат Фахрутлиновтен тәлім алатын шәкірттер сырт айдында Тюменьнің «Рубинін» 1:3 есебімен ұтып, жеңістер сериясын беске жеткізді.

Ағымдағы жылдың алғашқы ойынын «Торпедо» 7-ші қаңтар күні қонақта Челябінің «Челметімен» өткізген болатын. Осы матчта жерлестеріміз айдын иелерін 3:4 есебімен тізе бүктірген-ді. Сол кезде мамандар жылдың жеңіспен басталуын жақсы ырымға балап, хоккейшілерімізге үлкен сенім артқан. Айтып ауыз жиғанша, арада екі күн өткізіп, кезекті кездесуіне тас-түйін шыққан өскемендік ұжым Орскінің «Южный Урал» командасын 2:4 есебімен жеңіп, тағы да биіктен көрінді.

Бұдан кейін жерлестеріміз сырт айдындағы жеңістер сериясын Тюменьде жалғастырды. Жалпы, бұл кездесудің төңірегінде біраз қызықты деректерді кездестіруге болады. Мәселен, «Торпедоның» қазіргі бас бапкері Мисхат Фахрутдинов «Рубинді» жаттықтырған кезде Братина Кубогінің иегері атанғаны бар. Сонымен қатар өскемендік ойыншылар жоғары хоккей лигасы аясында тюменьдік қарсыластарын қонақта бір де бір рет жеңіп көрмеген екен. Алайда осы жолы бұл жағымсыз статистикаға өзгертулер енгізілді. Ол өзгертулерге басқа емес, «Торпедо» капитаны Евгений Фадеев бірінші болып кірісті. Ойынның алғашқы кезеңі басталысымен Александр Шиннен әдемі пас алған ол қарсыластар қақпасынан саңылау тапты. Кездесудің 11-ші минутында Александр Тоярник есепті еселеді. Ал айдын иелері болса, бірінші кезеңнің соңына қарай есеп айырмасын бір шайбаға қысқарта алды.
Матчтың екінші кезеңі тең жағдайда өрбіді. Қонақтардың қорғанысын «Рубин» шабуылшылары бұза алған жоқ. Есесіне, үшінші кезеңнің соңына қарай өскемендік клуб сапында Сергей Сентюрин мергендігімен көзге түсіп, тюменьдік жанкүйерлердің жүрегіндегі үміт отын мүлдемге өшірді. Сөйтіп, «Торпедо» сырт айдындағы үшінші қатарынан жеңісін тойлады. Бұл осы маусым басталғалы қол жеткізген ең үздік көрсеткіш!

Мәлімет көзі: Altaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар