Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

(Дауыстар: 1)
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Аймақ басшысы Даниал Ахметов ШҚО активіне экономикалық мәселелер жөніндегі жаңа орынбасарын таныстырды. Экономика саласына жетекшілік ететін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып осыған дейін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарған Қуат Тұмабаев тағайындалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қуат Тұмабаев 1980 жылдың 30-қазанында Семей қаласында дүниеге келген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Ол 2001 жылы Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қарым-қатынас» мамандығы бойынша аяқтаған. Ал 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 2001 жылы банк қызметкері ретінде бастаған. 2003 жылдан бастап бас маман, 2005 жылдың сәуір айынан Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мемлекеттік алыс-беріс және несиелендіруді жоспарлау департаментінде бөлім бастығы болып қызмет атқарды. 2008 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің инвестициялық саясат басқармасы директорының орынбасары қызметіне ауыстырылды. 2011 жылы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Аймақтық даму комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2012 жылдың сәуір айынан 2015 жылға дейін Экономикалық даму және сауда министрлігінің инвестициялық саясат департаментінің директоры болып еңбек етті. 2015 жылдың наурыз айынан бастап облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.

- Экономикалық блокта жоғары деңгейдегі кәсіпқойлардың жұмыс істегені өте маңызды. Қуат Мұхитұлы Экономика министрлігінде 12 жыл қызмет атқарған. Еңбек жолын маман ретінде бастаған ол басшылық лауазымдарға дейін жетті. Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жетекшілік ету барысында өзінің біліктілігін көрсете білді. Оған жаңа жұмыста табыс тілейік - деді Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов жаңа орынбасарын таныстыру кезінде.

Аймақ басшысының айтуынша, қазір жаңа бастамаларды алға тартып, шығармашылықпен жұмыс атқаратын кез келді.

- Облыстың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жаман емес. Жекелеген көрсеткіштер 2014 жылғыдан жоғары. Ағымдағы кезеңнің туындаған проблемаларына, тежегіш макроэкономикалық факторларға қарамастан, біз осы қарқынды сақтап қалуымыз қажет. Өңіріміздегі экономика саласының негізгі міндеті - 38 миллиард теңгеге кеміген даму бюджетінің орнын толтыру, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Саясат | Кілт сөдер: шқо әкімі

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар