Мемлекеттік қызметтің жаңа кәсіби стандартына көшеміз

(Дауыстар: 1)
Мемлекеттік қызметтің жаңа кәсіби стандартына көшеміз

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен ШҚО әкімдігінде мемлекеттік қызметтің жаңа кәсіби стандарты талқыланып, мемлекеттік қызметшінің жаңа үлгісі ұсынылған дөңгелек үстел өтті. Оған мемлекеттік органдар басшылары, қоғамдық ұйымдар мен бизнес саласының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

- Елбасының «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң қабылданды. Заңға сәйкес енді мемлекеттік аппаратқа кадрлар іріктеу, олардың мансаптық өрлеуі, әдептілігі секілді мәселелер реттелетін болады. Бұл дегеніміз елімізде адал, кәсіби білікті, жауапкершілігі жоғары кадрлардан құралған мемлекеттік қызметтің жаңа дәуірі басталғанын білдіреді, - деген облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов бұл бағытта аймағымызда атқарылған жұмыстарға тоқталып, алда тұрған міндеттерді атап көрсетті.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары облыс бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы лауазымына Тоқтамыс Жұмағұлов тағайындалғанын хабарлады.

- Биылдан бастап мемлекеттік қызмет саласында үлкен реформалар басталды. Бұл өзгерістер негізінен халықтың түйіні шешілмей жүрген көптеген мәселелерін кәсіби мемлекеттік аппарт құру арқылы шешуге бағытталған. Сол себепті мұны тек мемлекеттік қызметшілерге ғана қатысты емес, мұқым елімізде жүргізілетін реформа деп айтқан дұрыс. Бұл бағыттағы жұмыстар орталықтан басталып, өңірлерде де нәтижелі орындалуы тиіс, - деп атап өткен Тоқтамыс Жұмағұлов дөңгелек үстел барысында мемлекеттік қызметшілерінің жаңа Әдеп кодексін таныстырды.

Жаңа кодекске сәйкес, мемлекеттік қызметшілер адал, әділ, қарапайым болуға, заңдылық пен әділдікті қамтамасыз етуге, мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге қарсы тұруға, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға тиіс.

Сонымен қатар, жиынға қатысушылар мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдірілген, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктіліктері мен моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятын мемлекеттік қызмет институттарының ерекшелігі туралы пікірлерін ортаға салды.

- «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң 1995 жылы қабылданған. Содан бері біраз уақыт өтті. Бүгінгі заман талабына сай оған да өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады. Мінеки, осы орайда ағымдағы жылдан бастап «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң күшіне енді. Бүгінгі басқосуда біз аталған заңның ережелері мен орындалуын талқылап, мемлекеттік қызметшінің жаңа үлгісі, оған жүктелген міндеттер мен талаптар төңірегінде пікір алмастық. Өз басым мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдар бойы жинаған тәжірибеммен бөлістім, - дейді қырық үш жылдан астам облыстық қаржы басқармасында үзбей қызмет істеп, құрметті еңбек демалысына шыққан Айтмұханбет Құрманғалиев.

Дөңгелек үстел қонақтарының бірі - Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың оқытушысы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Элеонора Столярова азаматтық капитал - мемлекеттік заманауи кәсіби аппараттың негізі екендігіне тоқталды. Оның айтуынша, ең бірінші кезекте мемлекеттік қызметтің, оның ішінде экономика, білім, денсаулық сақтау сияқты барша салалардың дамуы мемлекеттік қызметшінің кәсіби біліктілігімен тікелей байланысты. Яғни, адами капиталдың рөлі жоғары мұнда.

- Мемлекеттік қызметші жұмысының нәтижесі әлеуметтік институттардың даму деңгейімен өлшенеді. Айталық, қандай да бір облыстың немесе мемлекеттің экономикасы дамып, әлеуметтік салалары жоғары көрсеткіштерге ие болып жатса, онда оның мемлекеттік қызметі, яғни қызметшілері сапалы жұмыс істейді деген сөз. Басқаша болуы мүмкін емес. Өйткені, олар өзара тығыз байланысты. Сол себепті елімізде мықты қоғам қалыптастыру үшін әуелі мемлекеттік қызметтің деңгейін көтеру керек. Елбасы ұсынған Бес институттық реформаның өзегі де сол, - дейді Элеонора Столярова.

Естеріңізге саламыз, Елбасы ұсынған Бес институттық реформаның ең алғашқысы кәсіби мемлекеттік аппарат құру болып табылады. Бүгінгі таңда еліміздің өңірлерінде осы реформаны жүзеге асыру бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынуда.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар