Шығыс Қазақстан жастары өз еріктерімен қайырымдылыққа бет бұрды

(Дауыстар: 1)
Шығыс Қазақстан жастары өз еріктерімен қайырымдылыққа бет бұрды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ШҚО-ның белсенді ерікті жастары «25 қайырымды іс» акциясын қолға алды. Республика бойынша алғаш рет өтіп отырған акцияда еріктілер қайырымдылық кештерін ұйымдастырып, түскен қаражатты мұқтаж жанұяларға тапсырады, деп хабарлайды Altaynews.kz Шығыс Қазақстан Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Қайырыдылыққа баулыған игі шара Аягөз ауданында «Жан шуағы» акциясымен басталып, жастар өз тараптарынан жиналған азық-түлік пен көмірді тұрмыстық жағдайы төмен жалғызбасты анаға тапсырған. Осындай қайырымдылық шаралары аймақтың түкпір-түкпірінде жалғасын тауып, қайырымдылық концерттері өтіп, ақпан айында жеребе тартылады. Жеребеден өткен ауданға жиналған қор жіберіліп, мұқтаж жандарға көмек көрсетілетін болады.

- Елдігіміз үшін елеулі мереке Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлау аясында бастау алып отырған қайырымдылық шарасына облысымыздың әр аймағынан жастар белсене ат салысуда. Бұл «Жесірін жебеп, жетімін жылатпаған» халқымыздың құндылығы бүгінгі жастардың бойында әлі сақтаулы екендігінің дәлелі. Акцияның ауқымы кеңейе түседі деген сенімдеміз, - деді ШҚО жастарды қолдау орталығының директоры Арайлым Есімбекова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция жыл соңына дейін жалғасын табады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар