ШҚО әкімінің орынбасары Президенттік тестті тиісті деңгейде өткізбеген аудандарды сынға алды

(Дауыстар: 1)
ШҚО әкімінің орынбасары Президенттік тестті тиісті деңгейде өткізбеген аудандарды сынға алды

ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Президенттік тестті тиісті деңгейде өткізбеген аудандарды сынады. Өткен жыл қорытындысы бойынша аймақтың бірқатар аудандарында Президенттік тест көрсеткіші түсіп кеткен, деп хабарлайды Altaynews.kz Шығыс Қазақстан Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Аталған тест көрсеткіші қатысушылардың аз болғандығынан төмендеген. Соның ішінде, Риддер, Курчатов қалаларымен қатар, Шемонайха, Бесқарағай, Глубокое, Катонқарағай, Көкпекті және Ұлан аудандарының көрсеткіші 6% айналасында.

- Президенттік тест жай ғана көрсеткіш емес. Сондықтан, бұл мәселеге аса жауапкершілікпен қарап, жоғарғы деңгейде өткізулеріңізді сұраймын. Егер ол тапсырма орындалмаса, тиісті шаралар қолданылады, - деді Жақсылық Омар.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары аймақ тұрғындарының спортқа қатысудағы үлес салмағына қатысты сандарды да қайта қарап, сараптама ретінде болжау және талдау институттарын тартуды ұсынды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Ақпан 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
Жаңалықтар