Балалар қар құрсауынан қалай құтылуды үйренді

(Дауыстар: 1)
Балалар қар құрсауынан қалай құтылуды үйренді

Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен аймақтық аэроұтқыр жедел құтқару жасағының ұйымдастыруымен «Жас құтқарушылар мектебінің» тәрбиеленушілері қысқы демалыс кезінде қар құрсауынан қалай құтылу жолдарын үйрететін арнайы практикалық курстан өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Эставелла» балалар-жасөспірімдер клубы (БЖК) базасындағы «жас құтқарушылар» сыныбының оқушылары қар құрсауында қалып қойған жағдайда одан құтқарылу тәсілдерін үйренді.

- Бұл сабақтардың негізінде балалар құтқарушы жұмысының жаңа қырларын біледі. Сондай-ақ, қыс мезгілінде далада қалған жағдайда тоңып қалмас үшін қардан пана жасауды және құтқару жүйелерімен жұмыстарды қалай дұрыс атқаруды үйренеді. Әрі бұл балаларды кез келген жағдайда сенімді болуға машықтайды, - дейді қалалық ТЖ басқармасының баспасөз хатшысы Марина Лискова.

Аталмыш дәріс барысында мектептің тәрбиеленушілері көп нәрсені меңгеріпті.

- Біз үшін бұл сабақтар өте қызықты болды. Болашақта қыс мезгілінде аяқастынан белгілі бір жағдайға байланысты орманда қалып қоятын болсақ, қардан жасалған бой тасалайтын пананың іші жылы болатынын ескере жүреміз, - дейді «жас құтқарушылар» сыныбының оқушысы Сырым Ахметжан.

Дәріс соңында Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары теориялық емес, тәжірибелік білімдерімен де бөлісті. Сондай-ақ, сыннан сүрінбей өткен оқушылар марапатталды.

Ажар Сағатбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар