Жаңа спорт нысандары Шығыс Қазақстанда салынады

(Дауыстар: 1)
Жаңа спорт нысандары Шығыс Қазақстанда салынады

Биыл Шығыс Қазақстанда жаңадан бірқатар спорттық нысандар іске қосылады. Соның арқасында спортпен айналысатын адамдар қатары да артпақ. Бұл жөнінде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың қатысуымен өткен жиында мәлім болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Елдос Чикеновтың ұсынған деректеріне сүйенсек, өткен жылы аймақта денешынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдар 423 мыңнан асып, облыс тұрғындарының 30,2 пайызын құраған.

Былтыр өңірімізде төрт халықаралық, 15 республикалық, 143 облыстық және 3900 қалалық және аудандық деңгейдегі спорттық шаралар өткізілген. Оған қоса 2015 жылы аймақта спорттық ғимараттардың саны 16-ға артып, жиыны 3148 нысанды құрады. Ағымдағы жылы олардың қатарына тағы бірнеше нысан қосылмақ. Атап айтсақ, Семейде балалар-жасөспірімдер спорттық мектебінің базасында 200 орындық мектеп-интернат бой көтереді. Риддер қаласында көп қызметті мамандандырылған спорт залы мен қысқы спорт түрлерінен дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернат ашылады. Аягөзде хоккей модулінің құрылысын жүргізу жоспарланған.

Нақты деректерге ден қойсақ, 2014 жылмен салыстырғанда былтыр өңіріміздің елді мекендерінде аула клубтарының саны азайған. Мәселен, Зырян және Шемонайха аудандарында бірқатар аула клубтары мен спорт секциялары өз жұмысын тоқтатқан. Ал Тарбағатай, Бесқарағай, Глубокое, Катонқарағай, Көкпекті, Ұлан және Үржар сияқты аудандарда балалар мен жасөспірімдер клубы атымен жоқ.

- Мемлекет басшысы 2020 жылға дейін елімізде бұқаралық спортпен айналысатын халықтың үлесін 30 пайызға дейін жеткізу міндетін қойды. Біз осы тапсырманы орындау үшін халықтың, оның ішінде жастардың спортпен шұғылдануына мүмкіндік жасауымыз керек. Олай болса, аула клубтары неге жабылуда? Мектептен тыс кезде балалар бос жүргенше, аула клубтарында спортпен айналысса, уақытты тиімді өткізу деген сол емес пе?! - деген Жақсылық Омар жоғарыда аталған аудандардың салаға жауапты өкілдеріне ағымдағы жылы кемінде бір-екі аула клубын ашуды тапсырды.

Жиында сондай-ақ, бұқаралық спорт түрлерін дамыту, алдағы ақпан айында Лиллехаммерде (Норвегия) өтетін жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасы мен 2017 жылғы Универсиадаға дайындық барысы секілді бірсыпыра мәселелер қаралды.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар