Жарылысқа қатысты кінәлі азаматтар жауапкершілікке тартылды

(Дауыстар: 1)
Жарылысқа қатысты кінәлі азаматтар жауапкершілікке тартылды

ШҚО Ұлан ауданында карьерде болған жарылыстың себептері анықталды. Жедел құрылған жұмыс тобы Қасым Қайсенов кентінің тұрғындарына келген залалдың шығынын есептеп, өндірістік қауіпсіздік ережесін сақтамағандарды жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Аltaynews.kz Шығыс Қазақстан Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Айта кетсек, жергілікті әкімдікте Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Дулат Кажанов бастаған жедел жұмыс тобы құрылып, Қасым Қайсенов кентінің маңында орын алған жарылыстың себептері анықталған.

Жұмыс тобының ресми жауабы ШҚО Ақпараттық орталығында өткен баспасөз мәжілісі барысында мәлім болды. Аудандық прокурор Бақытжан Мәмбетовтың айтуынша, «Инцем» ЖШС «Қараөзек» кен орнында өндірістік қауіпсіздік ережелерін сақтамай жарылыс жұмыстарын жүргізген.

Сондай-ақ, мердігерлер жарылыс жұмыстары болардың алдында жергілікті халықты ескертпеген.

Атқарылған жұмыс барысында «Восток-Универсал» ЖШС және «Инцем» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, келген залал үшін шығын толық өндіріледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар