Блогерлер балалармен виртуалды тілдесу жайлы сұхбаттасты

(Дауыстар: 1)
Блогерлер балалармен виртуалды тілдесу жайлы сұхбаттасты

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізіліп жатқан іс-шаралар аясында Өскемен қаласындағы Пушкин атындағы кітапхананың жастар-интеллект орталығы мен қалалық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен жастар әлеуметтік желілерде танымал жергілікті блогерлер Ринат Халиков және Антон Бузиковпен кездесті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кездесу барысында блогерлер «виртуалды тілдесуде сұхбат шынайы болуы керек» атты тақырыпта әңгіме өрбітті.

- Еліміздегі қызмет атқаратын кез келген мекемелер ғаламторға өз сайттарын орналастырумен қатар, кері байланысты қалыптастыруда әлеуметтік желілер көмегіне сүйенеді. Әрине, әлеуметтік желілер арқылы өз қызметтерін насихаттау немесе сілтемелер беру арқылы жағымды тұстарын көрсетуде оның беретін көмегі орасан зор. Сонымен бірге, кез келген азаматтың электронды жәшігі болғандықтан, оның ішкі сезімі өзгелер секілді виртуалды әлемге енуді қалайды, - дейді Антон Бузиков.

Блогерлер балалармен виртуалды тілдесу жайлы сұхбаттасты

Кәсіпкер Ринат Халиков осыдан үш жыл бұрын алғашқы республикалық «Осуществим мечту вместе!» IT-жобалар сайысында жеңіске жетіп, «Қазақтелеком» АҚ инфрақұрылымында өзінің «Социальная сеть «Гыр-гыр» жобасын жүзеге асырғанын айта кеткен жөн.

Ал Антон Бузиков болса, өткен жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Жас журналист-2015» сыйлығының лауреаты атаныпты. Сонымен қатар, ол шетелдік шоу-бизнес жұлдыздарының ресми әрі эксклюзивті концерттік менеджері, www.karloff-media.kz жаңалықтар порталының өкілі, сондай-ақ, "Кто есть кто в Казахстане" баспа үйінің фотографы болып қызмет атқарады екен.

Ажар Сағатбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар