Мұражай қоры көне самаурынмен толықты

(Дауыстар: 1)
Мұражай қоры көне самаурынмен толықты

Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық сәулетті-этнографиялық және табиғи-ландштафты мұражай-қорығы жаңа көне жәдігермен толықты. Мұражайда осы уақытқа дейін керосинмен қайнатылатын жалғыз самаурын болса, енді олар екеу болды. Жәдігер жиырмасыншы ғасырдың басында жасалыпты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

- Керосинмен қайнатылатын самаурындар өте сирек кездеседі. Мұндай ыдыс негізінен Кавказда тараған, өйткені ол жерде сол кездің өзінде мұнай өндірісі дамығандықтан, керосин мейілінше арзан еді. Мысалы, Азербайжан керосин лампасының отаны болып саналады, - дейді мұражай-қорығының ғылыми қызметкері Роман Нечаев.

Алайда, самаурынды ойлап тапқан орыстар екен. Роман Нечаев Еуропада оны өткен ғасырда «орыстардың шай машинасы» деп атағанын айтады.

Біздің дәуірімізге керосин самаурындар дәстүрлі самаурындарға қарағанда аз жеткен. Мұражайда көмірмен қайнайтын самаурындардың жүздеген түрі болса, керосин самаурын енді екеу. Олардың әрқайсысы ерекше, өйткені, ол кездің шеберлері заттарды топырлатып шығармайтын. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, көне жәдігер нағыз антикварлық құндылық болып табылады.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Мәдениет | Кілт сөдер: мұражай

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Ақпан 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
Жаңалықтар