Нұржан Қуантайұлы: Батыс әдебиетінен үйренетіміз көп

(Дауыстар: 1)
Нұржан Қуантайұлы: Батыс әдебиетінен үйренетіміз көп

Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталық кітапханада ақын, жазушы Нұржан Қуантайұлымен кездесу өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қаламгердің жуырда ғана жарық көрген «Асыл сөз» атты кітабына орай ұйымдастырылған бұл шара сұхбат үлгісінде өрбіді.

Кеш тізгінін ұстаған жас ақын Қызырбек Дүргінбайұлы кездесуге қаламға әуес кілең жастарды шақырғандарын, сондықтан, бұл кездесу әдеттегідей бір-бірлеріне тілек пен ода айтатын көне сүрдектегі кеш емес, таза әдебиет төңірегінде, руханият төңірегінде ой өрбітетін шара болатынын жиналғандарға бірден жеткізді.

Жастар жазушының әдебиетке қалай келгенін, неше жастан бастап қаламды серік еткенінен тартып, бүгінгі күні жеткен жетістіктеріне, шығармашылығына қатысты сұрақтарды қарша боратты. Кейбір сұрақтар «Уәдеңізді орындай аласыз ба?» деп кеш қонағының адами бейнесін сынға салса, кейбір сұрақтар тіл, діл жайындағы ұлттық мәселелер төңірегінде қойылды.

Мейлі, қай сұраққа болмасын, сабырлы, салиқалы жауап беруге құлшынған Нұржан Қуантайұлы жастарға тамаша бір рухани кеш сыйлады. Әсіресе, Алашорда жайында айтқан, бұрын басылым беттерін көрмеген тың дүниелер жастарға ерекше әсер етті. Бұдан бөлек бүгінгі қазақ әдебиетінің жай-күйіне тоқталған қаламгер жастарға шетел әдебиетін оқуға кеңес берді.

- Біз Батыс әдебиетінен бір ғасырға артта келеміз. Кеңес дәуірінде шетел әдебиетін оқу шектеуге ұшырады. Қазір барлық мүмкіндік бар. Тек тіл білсең, болғаны. Сондықтан шет тілдерін уағында үйреніп алыңыздар, - деді кездесуде.

«Шабыт» ақындар мектебінің оқушысы Жеңіс Оразайұлы жазушының «Қараөзек» романын оқығаннан кейінгі туған толғақты өлеңін оқыса, Дәулетберді Жекей, Ғылымхан Манай сынды жас ақындар отты жырмен кештің көрігін қыздырды.

Орайы келгенде, жас ақындар «Өтүкен» әдеби журналына өлеңдерін шығарғысы келетінін жеткізді. Журналдың қалт-құлт етіп қиын жағдайда шығып жатқанына тоқталған «Шығыс-Ақпарат» ЖШС-нің директоры олардың шығармаларының жергілікті басылымдарда жарық көруіне көмектесетінін айтып, өлең оқыған, сұрақ қойған жастарға қолтаңба беріп, кітабын сыйлады.

Мұратхан Кенжеханұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар