«Қайырымдылық нан» акциясын қолдаушылар көп

(Дауыстар: 1)
«Қайырымдылық нан» акциясын қолдаушылар көп

Өскемендегі азық-түлік дүкендерінде нан және өзге де азық-түлік өнімдері тегін таратылып жатыр. Бұл игілікті бастама «Қайырымдылық наны» акциясы аясында іске асырылуда. Оны қолдаушылар да күн санап арта өсуде, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілер арқылы кеңінен насихатталған шара өскемендіктермен қатар, Риддер және аймағымыздың өзге қалаларындағы тұрғындар арасында жоғары қолдау тапты. Акцияны белсенді насихаттаушы Ринат Халиков «Facebook» әлеуметтік желісінде: «Достарым, таныстарымен бірге «Қайырымдылық наны» акциясын қолға алдық. Бірақ бұл бастама акция деңгейінде ғана қалып қоймай, күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналғанын қалар едім. Дүкенге барғанда өзіңізге қажетті заттардан бөлек, бір бөлке нан немесе өзге бір азық-түлік өнімін қосымша сатып аламыз. Оны мұқтаж жандарға тегін тарату үшін сол жердегі сатушыға қалдырамыз. Тым болмағанда айына бір рет ақшаңызды осындай ізгі іске қисаңыз, адал ниетпен істеген қайырымдылығыңыз өзіңізге, балаларыңызға жақсылық болып қайтатыны хақ» - деген пікірін білдірген-ді.

Бұл жазба жарияланысымен-ақ, белсенді жастардың алғашқы легі азық-түлік өнімдерін сатып алған дүкендерде сатушылармен суретке түсіп, оны өздерінің парақшаларына салу арқылы қоғамдық іске өздерінше үн қосты. Қазіргі күні қайырымдылық шаралары қарапайым жұртшылық арасында кең таралып, үлкен қолдау табуда. Оны сатушылар да қолдап, ризашылықтарын білдіруде.

«Әлеуметтік сөресі» бар сауда орындарының бірі Өскемендегі «Медео» дүкенінің сатушысы Ирина Николаевна: - Өткен жолы бір жас жігіт келіп, бес бөлке нан сатып алып дүкенге қалдырып кетті. Ол нанды мен зейнеткерлерге және жағдайы төмен отбасыларға тегін бергенімде алушылар таңдана қарап, қуаныштарын жасырмады. Бір-екі бөлке нандарын алып кетті. «Кімге рақмет айтайық? Қайда хат жазып, алғысымызды білдірейік?» деп сұраушылар да болды. Бұл жағдай акция белсенділері үшін ғана емес, осы акцияның бір қатысушысы ретінде маған да қуаныш сыйлады. Қазіргі күндегі осындай игі бастамалардың іске асып жатқаны өзге адамдардың да жүректеріне де жылу сыйлап, қайырымдылық сезімдерін оятары сөзсіз, - дейді.

Әсел Асқарқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар