Қысқы спорт түрлері дамытылуда

(Дауыстар: 1)
Қысқы спорт түрлері дамытылуда

Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, халықаралық додаларға дербес мемлекет ретінде қатыса бастағанымызға да 25 жылдың жүзі болыпты. Содан бері Тәуелсіздік рухын ШҚО спортына да енгізе білдік.

Қазір төрт жылда бір өтетін Олимпиада ойындары мен басқа да дүбірлі додаларда жеңіске жеткен спортшыларымыз қолдарына көк байрағымызды ұстап, желбіретіп жүр. Олардың арасында Шығыс Қазақстанның да танымал спортшылары бар екені көңілімізді қуантып, жеңіс тұғырына көгілдір аспан түстес туымызды көтеріп шығып жүргендігі жасырын емес. Халықаралық додалардың бәрінде де біздің аймақтан шыққан саңлақтарымыз қатысып жүр. Олар Көк байрағымыз төрткүл дүниенің түкпір-түкпіріндегі жарыстарда, додаларда желбірете алды. Бұның барлығы облыс әкімшілігінің спорт арқылы елімізді ғаламшарға насихаттауға өз үлесін толайым қосып келе жатқандығының белгісі.

Спорт түрлері Шығыс Қазақстан облысының түпкір-түпкірінде өркен жаюының белгісі ретінде - Жарма ауданындағы спортшылардың қосып жүрген үлесін айтқанымыз орынды. Аудан әкімшілігі басты орынға балалар мен жасөспірімдер арасында маусымдық спорт түрлерінің кең қанат жаюын қойып отыр.

Қысқы спорт түрлері дамытылуда

Таяуда Әуезов кентінің орталық саябағында хоккейден Жарма аудан әкімі Н. Сыдықовтың кубогы үшін жастар және балалар арасында болып өткен жарыс соның куәсі десек артық айтқандық емес. Жарысқа аудан Қалбатау ауылы, Шар қаласы, Қарасу ауылы, Әуезов кенті, Жанғызтөбе кенті, Шалабай ауылының жас ерекшеліктеріне сай жасақталған 12 командасы қатысты.

Тартысты да, қызықты өткен хоккей сайысында ересектер арасында I орынды Шар қаласының жастар командасы иеленсе, кіші буындар арасында да Шар қаласының балғын хоккейшілері ешкімге дес бермей I орынды қанжығаларына байлады.

Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаз командалар мақтау қағаздары және аудан әкімі атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. Осылайша аудан әкімдігі жастар мен балалар спортының дамуына барша жағдай жасап отыр. Жағдай жасалса, спорттық жетістік өз жемісін беретіндігін өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Қысқы спорт түрлерінің ШҚО басты орында тұратындығын жармалықтар осылайша сөзбен емес, іспен дәлелдеп келеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар