Кен барлауға инвестиция тартылды

(Дауыстар: 1)
Кен барлауға инвестиция тартылды

Елбасының Қазақстан халқына кезекті Жолдауында экономиканың барлық саласына инвестиция тарту міндеті қойылған. Облыс аумағында жемісті еңбек етіп отырған жер қойнауын пайдаланушы компаниялар бұл тұрғыдағы міндеттерін келісімге сай атқарып келеді деуге негіз бар, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы аумағында 161 кәсіпорын жер қойнауын пайдалануда. Олардың иелігінде 262 жер пайдалану нысаны бар. Бұл кәсіпорындардың өндірісті заңнама аясында жүргізуін, тиісті салықтарды уақтылы төлеуін өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті қадағалайды.

Департамент мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері жер қойнауын пайдаланушылар мемлекет бюджетіне 28,26 млрд. теңгенің салығын төлеген. Оның басым бөлігі, яғни, 27,42 млрд. теңгесі алтын, мыс, түсті металл сынды қатты пайдалы қазбаларды өндірушілерден түскен.

Бұл кәсіпорындар салық төлемдерінен бөлек өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға төлемдер жүргізуге міндетті. Осы бағытта бюджетке 120,21 млн. теңге түсім аударылған.

Аймақ аумағындағы 161 кәсіпорынның 63-і республикалық маңызы бар қатты пайдалы қазбалар бойынша, 98-і құм, саз, қиыршық тас сынды кең таралған қазбалар бойынша, біреуі көмірсутек шикізатын өндіру бойынша жұмыс істейді.

2015 жылы мемлекеттік органдардың өтініші бойынша жоспардан тыс жеті тексеру жүргізіліп, «Шығыстүстімет», «Секисовка», «АС «Горняк», «Қазақмыс Корпорациясы», «Maralicha-Gold» ТКК» компанияларына жер қойнауын пайдалану туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін 2 437 860 теңге айыппұл салынған.

Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушыларға келісімшарт талаптарымен көзделген геологиялық есепті ұсынудан жалтарғаны үшін 495 500 теңге сомаға айыппұл салынды.

Былтыр жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижесінде Ұлан, Күршім, Глубокое, Семей, Зырян, Риддер, Зайсан, Тарбағатай, Аягөз, Ұржар аудандарында жаңа пайдалы қазба кендері анықталды.

Жалпы тоғыз айда жер қойнауын пайдалану саласына 136,45 млрд. теңге инвестиция тартылған. Оның ішінде геологиялық барлау жұмыстарына 2,96 млрд. теңге бөлінген.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Қаңтар 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Жаңалықтар