Үздік жастар слеті өтті

(Дауыстар: 1)
Үздік жастар слеті өтті

9 ақпан 2016 жылы ШҚО Аягөз ауданының әкімі Бақытжан Байахметов ауданның түрлі саладағы үздік жастарымен кездесіп, ой бөлісті. Хаттамалық қағидалардан тыс, емін-жарқын өткен кездесуде аудан әкімі сан түрлі салада білім алып, қызмет етіп жатқан жастармен қоғамды толғандыратын барлық дерілік тақырыптарда әңгіме өрбітті.

Бұл жолғы жүздесу Аягөз ауданында үлкен өмірге араласып, әртүрлі салада еңбек етіп жатқан Аягөздіктерді қамтыды. Олардың арасында кім жоқ дейсіз, дәрігер, ұстаз, темір жол саласының қызметкерлері, құқық қорғау органдарының жас мамандары, 22 ауылдық округінің жастары, өнерпаз бәрі бар. Кездесу әсем Аягөздің - «Нұрай» мейрамханасында өтті. Басқосуға қатысқандардың білімдері мен кәсіптері сан салалы болуына орай аудан басшысымен әңгіме де барлық дерлік тақырыпты қамтыды. Экономика, саясат, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, өнер мен мәдениет мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.

Алдымен, кездесуде аудан басшысы толағай жетістіктерге жетіп, еліміздің өркендеп өсуіне атсалысып жүрген жастарға Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жастарға деген қолдауы туралы сөз қозғап, Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауына тоқталды.

Сондай-ақ, аудан әкімі кездесу қатысушыларына қаламыздың экономикалық-әлеуметтік дамуы мен қазіргі таңдағы өзекті мәселелері және оны шешу бағытындағы межелі жоспарлар туралы кеңінен ақпарат беріп өтті.

Елбасы айтқандай жастар біздің болашағымыз! Ел болашағы сіздердің қолдарыңызда құрметті жастар! Сондықтан Жолдауда айтылған бағыттарды іс жүзіне асыруға барлығымыз бір күш болып ат салысуға шақырамын, - деді Б. Байахметов.

Кездесу барысында жастар ауданда іске асырылып жатқан оңтайлы істер мен енгізіліп жатқан жаңа технологиялар туралы мол мәлімет алып, алдағы перспективалармен таныс болды. Жастар аудан әкімініе өз ризашылықтарын білдіріп, толғандырған мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Осы кездесудегі басты жаңалық екі жастың бас қосуы болып, Қозы мен Баянның елінде бір шаңырақ бой көтерді. Ары қарай жастардың дастарханымен, тамаша мерекелік кешпен жалғасын тапты.

Роза Каирбаева
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар