«Алтын Алтай» туристік жобасы «ЭКСПО-2017»-ге әзірленіп жатыр

(Дауыстар: 1)
«Алтын Алтай» туристік жобасы «ЭКСПО-2017»-ге әзірленіп жатыр

Ішкі туризмді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында ауыл туризмін дамытудың болашағы Шығыс Қазақстанда талқыланды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Елімізде туризмді дамыту жобаларына қолдау көрсетіп отырған Қазақстандағы Еуропалық одақ өкілдігінің өкілі Мишель Ван Хек, словакиялық «Махаон Интернейшнл» жобасының жетекшілері, аймақтағы туризм саласында қызмет көрсетіп жатқан кәсіпкерлер қатысқан шарада «ЭКСПО-2017» көрмесіне келетін қонақтарға «Шығысты» аралатып, көрсететін эко-маршруттар әзірлеу мәселесі де қаралды.

Еуропалық одақтың гранттық қолдауымен Шығыс Қазақстан облысында екі жылдан бері жүзеге асырылып жатқан «Алтын Алтай» туристік жобасының менеджері Светлана Белова көрмеге келуші миллиондаған шетелдіктерді Шығысқа шақырып, туристік бағыттарды ұсынуға дайын екендіктерін жеткізді. Бірақ ол үшін жобаға еніп отырған Катонқарағай, Күршім, Риддер аймақтарындағы қиыр-шиыр жолдар жөнделіп, туристерге қолайлы қызмет көрсету шаралары ұйымдастырылып, қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасалуы тиіс.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар