Бос жатқан жерлерді тиімді пайдалануға жол ашады

(Дауыстар: 1)
Бос жатқан жерлерді тиімді пайдалануға жол ашады

Биылғы шілде айынан бастап Қазақстан бойынша пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылық мақсатындағы бос жерлердің бәрі де түгенделіп, мемлекет меншігіне алынып, сатылымға шығарылатын болады. Соған орай өңірдегі пайдаланылмай жатқан жер учаскелерінің барлығының тиісті құжаттары дайындалуы қажет. Бұл шаруаға қалалар мен аудандар әкімдерінің тиісті орынбасарлары мен ауылдық округ әкімдері, жер бөлімінің мамандары тікелей жауапты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жөнінде Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусиннің төрағалығымен өткен жерді ұтымды пайдалануға және қолданыстағы Жер кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіруге арналған кеңесте кеңінен айтылды.

2015 жылдың 2-қарашасында «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданған болатын. Жаңа құжат 2016 жылдың 1-шілдесінен бастап қолданысқа енгізілмек. Бұл құжат ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді жекеменшікке аудару тегершіктерін енгізу арқылы оларды ұтымды және оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етуді көздейді. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 35-ші және 36-шы қадамдарында нақты айтылған.

Жарма, Аягөз, Зайсан, Тарбағатай, Үржар, Көкпекті аудандары жер қатынастарының мамандары, шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысқан жиын барысында ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Қонысбай Төлеубеков Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен қосымшалар жөнінде толық ақпарат берді. Оның айтуынша, 2012-2014 жылдардағы ауылшаруашылық жерлеріне жүргізілген инвентаризация нәтижесінде республикада барлығы 7,3 млн. га ауданды құрайтын 19,2 мың пайдаланылмайтын жерлер анықталса, соның ішінде біздің облыста 984,3 мың гектар болатын 3164 пайдаланылмайтын жер учаскесі анықталған.

Басқарма басшысының айтуынша, Ұлттық жоспардың 35 қадамында ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу, Жер кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізу, 36 қадамда жер телімдерін мақсатты пайдалану түрін өзгертуге рұқсат алу рәсімдерін жеңілдету туралы айтылады. Ауылшарушылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізу, барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру қарастырылған.

- Кодексте енгізілген өзгерістер бойынша жалға алынған жерлерді сатып алуда жеңілдіктер жасалынып, қазіргі жер пайдаланушылардың көзқарастары есепке алынбақ. Жалға алу мерзімі аяқталғанға дейін бұрын берілген ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді жекеменшікке сатып алу құқығы жеңілдетілген жағдайда бөліп төлеумен 10 жылға дейін беріледі. Құны кадастрлық бағаның 50% мөлшерімен анықталады. Ауыл шарушылығын жүргізу үшін объектілер салынған жағдайда жер учаскелерінің мақсаты өзгеруінің күші жойылады. Бұдан бөлек жер шетелдіктерге және оралмандарға 25 жылға дейін уақытша пайдалануға берілмек, - деді Қонысбай Төлеубеков.

Осыған орай, қалалық, аудандық әкімдіктер жер учаскелерін беруді қатаң түрде жер заңнамаларына сәйкес жүзеге асыруы, жер учаскелерінің құқығын немесе жер учаскелерін (конкурстар, аукциондар арқылы) сату кезінде жергілікті бюджетте алдын ала қаржы қарастыруы, сатуға берілген жер учаскелерінің жерге орналастыру жобаларын әзірлеуі, іске асыру үшін тек сатуға сұранысы жоғары жер учаскелерді беруді ұйымдастыруы қажет.

Ал ауылдық округтер әкімдері жергілікті жердегі тұрғындарға осы өзгерістердің тиімділігін жан-жақты түсіндірулері, нарықтық айналымға ауылшаруашылық жерлерді енгізу үшін ауылшаруашылық құрылымдармен жұмыс істеуі, ауылшаруашылық жерлерді ұтымды пайдалану үшін шаруаішілік жобалардың қажеттілігін айтулары тиіс. Ол үшін өздері де Жер кодексін, ондағы өзгерістерді жақсылап меңгергендері жөн.

ШҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейірхан Әшімханов ауылшаруашылық мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерді, соның ішінде суармалы жерлерді де анықтау және қайтару, оларды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін айналымға енгізу жайына тоқталды. Ол бүгінгі күні ауыл шаруашылығын жүргізетін жерлердің жалпы ауданы 10,3 млн. га құрайтынын, оның басым бөлігі жалға берілгендігін, сол жалға алушылардың көбі жерді сапалы пайдаланбайтындығын атады. Яғни, пайдалану талаптары сақталмайды, жер өңдеу бойынша заманауи технологиялар енгізілмейді. Мәселен, 2015 жылы жүргізілген мемлекеттік бақылаудың нәтижесінде ауданы 126,4 мың га ауылшаруашылық жерінің пайдаланылмай жатқаны анықталған. Бұлар Жарма, Зайсан, Тарбағатай, Үржар аудандарындағы ірі шаруа қожалықтарына тиесілі жерлер.

Ол Жер кодексіне енгізілген өзгерістер жерді нарықтық айналымға енгізу, жерді пайдаланушылардың жауапкершілігі мен жер ресурстарын тиімді пайдалану уәждемесін көтеру үшін қажетті жағдай туғызатындығын алға тартады. Қазіргі уақытта ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары 233 агроқұрылымдармен 842,4 мың га аумаққа жасалған. Бұл бекітіліп берілген жерлердің 7,8 пайызы ғана. Бұдан жердің көп бөлігінің ұтымды іске асырылмай жатқанын оңай аңғаруға болады.

Семинар-кеңес барысында облысымызда мемлекеттік жер кадастрын жүргізу туралы «ЖерҒӨО» РМК ШҚФ директорының орынбасары Ерлан Кархунов, «Қазсушар» РМК облыстық филиалына қарасты су шаруашылығы қондырғыларының жағдайы мен атқарып отырған шаралары жөнінде филиал директорының орынбасары Дулат Наққажин баяндады. Ол қолдағы жер және су ресурстары толық іске аспай отырғандығына, инвестиция жергілікті мөлшерде тартылмайтындығына, инновациялық әзірлемелер баяу енгізілетіндігі көпшіліктің назарын аударды.

Бұдан кейін жер мәселесіне қатысты облыстық басқармалардың басшылары аудандардан келген шаруа қожалықтары жетекшілерінің сауалдарына жауап берді. Кеңестің жұмысын қорытындылаған ШҚО әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин сала мамандары көтерген мәселелердің барлығы да өзекті екендігін атап, оны шешудің жолдарын бірлесе шешуге шақырды. Шілдеге дейін аз уақыт қалғанын, өзгерістерге осы бастан әзір болу керектігін жеткізді.

Дәурен Аллабергенұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар