Тасқынға тас түйін дайын болу тапсырылды

(Дауыстар: 1)
Тасқынға тас түйін дайын болу тапсырылды

Өңірдегі қалың қардың көбесі сөгіліп, көпшілікті әуре-сарсаңға салатын көктем мезгілі де жақын қалды. Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов кеңейтілген аппараттық кеңес барысында осы мәселеге арнайы тоқталып, су тасқыны қаупі бар маусымға қазірден бастап қамдану қажеттігін, дайындық шараларын дер кезінде қолға алу керектігін тапсырды. Бұл жайлы ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қазгидрометтің» алдын ала жасаған болжамдарына сенсек, биылғы көктемде өзен-көлдерде су қоры мол болуы мүмкін. Ал ақпан-наурыз айларында жауын-шашын нормадан жоғары болатын болса немесе күн күрт жылынып кетсе бірқатар өзендер арнасынан асып, жўртқа қауіп төндіруі кәдік.

«Қазгидрометтің» көпжылдық синоптикалық болжамдарына сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысында өзендердегі су деңгейінің көтерілуі наурыз айының екінші онкүндігінен басталып маусым айының екінші онкүндігіне дейін жалғасады деп күтілуде.

- Қалалар мен аудандардың әкімдері тасқын қаупі бар жерлерді анықтап, дайындық жўмыстарын алдын ала жүргізулері тиіс, - деді ШҚО әкімі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының берген мәліметтеріне жүгінсек, су тасқыны қаупі бар маусымға дайындық жўмыстары жыл басынан бері жүргізіліп келеді. Департамент жергілікті атқару органдарымен бірлесіп төтенше жағдайларды ескертуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүйелі түрде жүргізуде. Аталған мекеменің мамандары да тасқын қаупі туған кез келген уақытта төтенше жағдаймен күресуге тас түйін дайын.

Тўрғындардың, коммуникациялар мен шаруашылық нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қазселезащита» мекемесі қар көшкіні қаупі бар аймақтарды бақылауда ўстап отыр.

Қар көшкіні қаупі күшейген кезде қауіптің бетін қайтарып, алдын алу шараларын жүргізу үшін департамент арнайы ўйымдармен келісімшартқа отырған.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда қараусыз қалған су қўрылыстарының мәселесі толық шешімін тапқан көрінеді. Сонымен қатар, жиында гидротехникалық қўрылыстардың көктемгі тасқынға дайындығы да сөз болды.

Айта кетейік, наурыз айының 1-нен бастап облыстағы қардың еруі мен сел тасқыны қаупі бар аймақтарға ғарыштан бақылау жүргізілетін болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар