Алғаш рет АҚШ-та білім алып қайтты

(Дауыстар: 1)
Алғаш рет АҚШ-та білім алып қайтты

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері алғаш рет АҚШ-та білім алып қайтты.

Теннесси технологиялық университетінде білім алып келген «шет тілі» мамандығының 4-курс студенті Айсұлу Сейітованың айтуынша, ол жердегі студенттердің білімге деген құштарлығы соншалықты, түн жарымына дейін кітапханада отырады екен.

- Кітапханаға ертерек бармасаңыз, сабақ қарайтын орын да таба алмайсыз. Маған АҚШ-тағы студенттердің білім-ғылымға деген ерекше ықыластары ұнады, - дейді Айсұлу Сейітова.

Айтпақшы, шетелден оқып қайтқан Шығыс Қазақстан студенттерінің оқуын ШҚМУ және Білім және ғылым министрлігі қаржыландырған.

Жуықта академиялық ұтқырлық бойынша білім алған Оңтүстік Кореядағы Джионгсанг ұлттық университеті мен Дегу католиктік университетінде білім алған бес студент те оралды.

Джионгсанг ұлттық университетінен білім алып келген «Шет тілі» мамандығының 2-курс студенті Ұлжан Сапаеваның айтуынша, оларға аталмыш жоғарғы оқу орнында ұйымдастырылған экскурсиялық турлар ерекше ұнапты. Өз кезегінде қазақстандық студенттер корейліктерге қазақтың ұлттық тағамдары мен салт-дәстүрлерін көрсетуді де ұмыт қалдырмаған.

- Өзге мемлекетте жүргенде туған елдің қадірін түсінеді екенсің. Тіпті, корейлік студенттерге біздің салт-дәстүріміз, қонақжайлығымыз ұнады. Сондықтан болашақта олар міндетті түрде қазақ еліне келіп, саяхат жасайтындарын айтты, - дейді Ұлжан Сапаева.

«Халықаралық ынтымақтастық» бөлімінің басшысы Динара Сапарованың айтуынша, академиялық ұтқырлық бойынша оқу студенттерге үлкен мүмкіндік береді.

Қазір ШҚМУ шетелдік оқу орындарымен өзара 50 халықаралық келісімшарт жасасқан. Оның ішінде Ресей, Қытай, АҚШ, Германия, Франция, Польша, Түркия, Чехия, Моңғолия, Оңтүстік Корея бар.

Ажар Сағатбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар