Жерді тиімді пайдалану талап етіледі

(Дауыстар: 1)
Жерді тиімді пайдалану талап етіледі

Семейде ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді жекеменшікке аудару және оларды пайдалануды оңтайлы ету мәселесіне арналған жиын өтті. Жиынға Шығыс Қазақстан облыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

- «Жер кодексіне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заң Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев нұсқаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталады. Сонымен қатар, құжатта ағылшындық және голландық әдістер арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекеменшікке беру мәселелері қарастырылған. Ұлт жоспарының 35-36 қадамдарында жер ресурстарын ұтымды пайдалану туралы кеңірек түсіндірілген. Бүгінгі күні жер толық нарықтық құрал болмай отыр. Ауыл шаруашылығы жерлерінің негізгі үлесі ұзақмерзімді жалдауға берілсе, біразы жекеменшікке тиесілі. Сол себепті жерді жалға алу бойынша кейбір шектеулер алынып тасталды. Осы арқылы жерді банкке кепілге қоюға, иеліктен шығаруға және жалдау мерзімі ішінде субарендаға табыстауға мүмкіндік беріледі, - деді ШҚО әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин.

Жиында сөз алған Шығыс Қазақстан облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы Қонысбай Төлеубеков облыстағы бос жатқан жерлер туралы кеңінен ақпарат берді. Енді пайдаланбай, бос жасқан жер болмайды.

- Сонымен қатар, тұрғындарға уақытша жер пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін оны 50 пайыздық мөлшерлемемен сатып алуға болады. Ал егер жалға алған жердің уақытша иелері мүмкіндікті пайдаланбаса, құқығы тоқтатылып, жер аукцион арқылы сатылымға шығару үшін мемлекет меншігіне қайтарылады. Елбасы тапсырмасына орай, Жер кодексіне өзгертулер енгізілді. Шетелден келген қандастарға шаруа қожалығын жүргізу үшін жер 25 жыл мерзімге жалға беріледі. Сондай-ақ, шетелдіктерге тауарлы ауылшаруашылығын жүргізуге, азаматтығы жоқ тұлғаларға және шетелдік заңды тұлғаларға да 25 жылға жалға алуға ғана беріледі, сатылмайды, - деді Қонысбай Төлеубеков.

Қ.Төлеубековтің айтуынша, жер пайдаланушының жалдау құқығы аяқталса, оларға жердің кадастрлық құнының 50 пайызын 10 жыл бойында бөліп төлеу жеңілдігі бар. Жер аукционға екі рет ағылшындық, сосын бір рет голландық тәсілмен сатылымға түспек. Бірақ қазір жерді ұзақ мерзімге жалға алғандар мерзім уақыттары біткенше жұмыстарын жүргізіп отыра бермек.

Жергілікті кәсіпкерлер үшін жаңа Заң қосымша мүмкіндіктер ашып отыр.

- Жер кодексіне қатысты жаңа заң күшіне енгеніне өте қуаныштымыз. Бұл шаруаларды одан әрі жұмыс істеулеріне ынталандырады деп ойлаймын. Бастысы - еңбектену қажет. Сонда ғана белгілі нәтижеге жетуге болады, - деді семейлік кәсіпкер Талғат Баймұрынов.

Жаңа заңда шаруаларға қолайлы жағдай жасау мақсатында әкімшілік кедергілерді алу және шығындарды қысқарту, шаруашылықты жүргізу нысаны өзгерген жағдайда және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты нысандар құрылысы кезінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімі алынып тасталынатын болды. Бір сөзбен айтқанда, адал еңбек етіп, елінің экономикасын өркендетуге үлес қосып отырған азаматтарды мемлекет те қамқорлығынан тыс қалдырмақ емес. Ең бастысы, жер бос жатпауы керек.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар