Шығыс Қазақстан автокөліктері Қырғыстан мен Тәжікстан нарығында сатылуы мүмкін

(Дауыстар: 1)
Шығыс Қазақстан автокөліктері Қырғыстан мен Тәжікстан нарығында сатылуы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов бастаған шығысқазақстандық делегация Қырғыз Республикасы мен Тәжікстанда іссапармен болды. Іссапар нәтижесінде өзара ынтымақтастық жөнінде бірнеше келісімдер жасалды. Бұл жайлы ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әуелі Шығыс Қазақстан облысы басшысы Даниал Ахметов Қырғыз Республикасының вице-премьері Олег Панкратовпен кездесті. Бұл кездесуге Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Самат Ордабаев, Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Айымдос Бозжігітов, Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Динара Кемелова, «БИПЭК-АЗИЯ-АВТО» холдингінің төрағасы Анатолий Балушкин және Қырғыз Їкіметінің өкілдері қатысты.

Шығыс Қазақстан мен Қырғыз Республикасы өңірлерінің арасында сауда-экономикалық қарым-қатынасты арттыру мәселелері талқыланған жиында өңірдегі машина жасау саласының дамуына ерекше назар аударылды. ШҚО әкімі Даниал Ахметов өткен жылдың қарашасындағы Қазақстан және Ресей Президенттерінің кездесуі аясында «АвтоВАЗ» компаниясы мен «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» компаниялар тобының арасында Орталық Азия өңірі нарығын бірлесіп игеру жөнінде келісімге қол қойылғанын атап өтті.

«БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» Еуразия экономикалық одағының автомобиль нарығына шығу жоспарын табысты іске асырған тұңғыш қазақстандық компания болып отыр. 2015 жылдың өзінде шығысқазақстандық холдинг өзінің 15 автоорталығының 11-ін Ресейдің қалаларында ашты. Компанияның іскерлік келісімшарттар аумағы көршілес алты мемлекетті, басқаша айтқанда, 84 миллион адам тұратын нарықты қамтиды. Бұл нарықты Өскеменде салынып жатқан толық циклді «АЗИЯ АВТО Қазақстан» АҚ зауытының экспорттық өнімдері қамтамасыз ететін болады. Сәйкесінше холдингтің экспорттық инфрақұрылымы осы нїктелер арқылы тартылады деген сөз. Жылына 120 мың автокөлік шығаратын, бояу және дәнекерлеу режимдері бар өндіріс ошағы мен автобөлшектер шығаратын технопарк құру жобасы 12 мың жұмыс орнын ашуға мїмкіндік туғызады. Бұл жоба жїзеге асқан шақта еліміздің жалпы ішкі өнімі 1,1 млрд долларға өседі деп болжанып отыр.

Қазақстандық тарап қырғыз әріптестеріне бауырлас мемлекет аумағында Өскеменде құрастырылатын автокөліктерді сату және сатылған техникаларға қызмет көрсету желісін қалыптастыру жөнінде ұсыныс білдірді.

Шығыс Қазақстанның елдегі ірі индустриялық аймақ екенін, атом өнеркәсібі мен тїсті металлургия бойынша да әлеуеті жоғары тұрғанын айтқан облыс әкімі Даниал Ахметов Қырғыз Республикасы тарапының ауылшаруашылық және тоқыма өнімдеріне сұраныс болатынын жеткізді.

Өз кезегінде Олег Панкратов Қырғыз Їкіметі мұндай инвестициялық ұсынысты қолдайтынын, оның жїзеге асуына елдегі заңнама да толық негіз бола алатынын атады.

Ол сондай-ақ, Қырғыз елі Еуразия экономикалық одағына кіргелі бері одақтастары арасынан бірінші болып бауырлас Қазақ елінің инвестициялық ұсыныс тастауы қуантқанын мәлім етті.

Бұдан кейін аймақ басшысы бастаған делегация Тәжікстанда болды. Душанбеде облыс әкімі Даниал Ахметов Тәжікстан премьер-министрінің орынбасары Әзім Ибрахиммен, осы елдің Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрі Шавкат Бобозадамен, Ауыл шаруашылығы министрі Махмадтоир Зокирзодамен кездесті.

Тараптар Тәжікстанның облыстары мен Шығыс Қазақстан арасында тікелей байланыс орнату төқңірегінде пікірлер алмасты. Байланыс ең әуелі Тәжікстан аумағында шығысқазақстандқ кәсіпорындар ашу бағытында жїзеге асуы тиіс. Әсіресе, автоөнеркәсіп кәсіпорнын ашудың келешегі зор.

- Біздің бұл саладағы даму тарихымыз оңды деп айтуға болады. Компания Қазақстанда 1992 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Сол жылдар ішінде бірнеше айрықша көлік маркаларын қалыптастырды. Біз автомобиль зауытын салуды көздейтін ірі жобаны жїзеге асыра бастадық. Алдымызда 2018 жылдың ортасына қарай сериялық автомобиль өндірісін қалыптастыру мақсаты тұр. Тағы бір маңызды міндеттің бірі - қалыптасқан нарықтарды тұтыну өнімдерімен тұрақты тїрде қамтамасыз етіп отыру. Осы мақсатта ресейлік «АвтоВАЗ» ААҚ-мен келісімге отырып, «Лада» маркалы көліктерімізді Ресей Федерациясында сатуды жолға қойдық. Біз өз көліктерімізді Тәжікстан сынды көршілес мемлекеттерде сатудың да әлеуеті зор деп білеміз, - деді «АЗИЯ АВТО Қазақстан» АҚ-ның бас директоры Ержан Мәндиев.

Келіссөздер нәтижесінде ақпан айының соңына дейін аталмыш елге Шығыс Қазақстаннан екі бірдей жұмыс тобын жіберу жөнінде келісім жасалды. Бұл жұмыс топтары «БИПЭК» компаниялар тобының Тәжікстан нарығына шығуын қамтамасыз ету, көрші елден Шығыс Қазақстанға ауылшаруашылық өнімдерін жеткізу бойынша нақты ұсыныстарды пысықтайтын болады. Кездесу барысында Тәжікстан мен Шығыс Қазақстан арасында өзге де салалар бойынша өзара серіктестік орнату тетіктерін ойластыру ұсынылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар