ШҚО әкімі Даниал Ахметов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

(Дауыстар: 1)
ШҚО әкімі Даниал Ахметов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінде ШҚО әкімі Даниал Ахметов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Облыс тұрғындарын алаңдататын мәселелер әртүрлі салаға қатысты болды: қылмыстық өндірісті бұзудан тұрғын учаскелер мен құрылыстарды заңдастыруға дейін, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кездесуге дәстүрлі түрде салалық басқармалар мен департаменттердің жетекшілері, құқық қорғау органдарының өкілдері, қалалар мен аудандар әкімдері, бір сөзбен айтқанда, белгілі бір мәселені шешу барысына ықпал ете алатын жергілікті атқарушы билік өкілдері шақырылды.

Өскемен қаласының тұрғындары Анжела Каграманян мен Ольга Тайбазарова өте маңызды мәселені көтерді. Біздің өзендер мен су қоймалары жағалауларындағы жекеменшік үйлер заңды негізде тұр ма? Сондай-ақ, арызданушылардың айтуынша, бұл сауал мүлдем жеке сипатта емес. Бірнеше мың өскемендік су қорғау белдеуінде өмір сүреді немесе осындай аумақтарда орналасқан саяжайларға ие.

Жер жекеменшік иелікте тұрғанымен, арнайы комиссия саяжайды немесе тұрғын үйді заңдастырудан бас тартуға құқылы. Бұл үшін заңды негіз бар - Су кодексінің 125 бабы, 2, 7 тармақтарына сәйкес су қорғау аумағы аясында жаңа және қайта құрылған нысандарды пайдалануға беруге тыйым салынған. Мұнымен қоса, осы үдерісті реттейтін облыстық әкімдіктің түрлі жылдары қабылданған бірқатар қаулысы да бар. Алайда, қағаз бетінде шынайы өмірге қарағанда бәрі оп-оңай сыңайлы.

Үйлері заңнамалық актілер қабылданғаннан бұрын салынған, қолдарында қажетті құжаттардың жартысы бар адамдарға не істеу керек? Бұл ретте тиянақты және түбегейлі, әр жекелеген жағдайға дербес амал-тәсіл қолдана отырып талдау керек. Осы орайдағы тапсырмаларды облыс әкімі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Зайсан-Ертіс облысаралық бассейн инспекциясының жетекшілеріне берді. Жан-жақты тексеруден және осындай жағдайлар санын нақтылағаннан кейін олар туындаған проблемаларды қалай шешу керектігіне байланысты өз ұсыныстарын енгізулері тиіс.

Риддер қаласының қаласының тұрғындары Маргарита Ғабитова мен Сергей Андреев те өткір мәселелердің шетін шығарды. Олар бірнеше мәселені алға тартты: Тишинский кентіндегі көпірді қалпына келтіру, өзен аңғарынан қиыршық тас, ірі құм игерудің заңдылығын тексеру, су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу.

Риддер әкімі Жомарт Мұратов көпірді демеушілер қаржысын тарту есебінен салып бітіруге талпынып отырғанын атап көрсетті. Даниал Ахметов барлық мүмкіндікті қарастыруды және көпір құрылысын бюджет қаржысы есебінен салу бойынша ұсыныс енгізуді жүктеді.

Өзен арнасынан ірі құм игерудің заңдылығы мәселесі бойынша комиссия құрылып, түпкілікті шешім сол комиссияның қорытындысына сәйкес қабылданатын болады.

Сұрақтың үшінші бөлігі де назардан тыс қалмады. Аймақ басшысы тасқынға қарсы іс-шаралар бақылауда болатынын атап өтті. Арнайы жұмыс тобы 15 наурызға дейін тиісті шаралар қабылдау үшін қауіпті аумақтарды анықтамақ.

Сәуірде ШҚО әкімі Риддерге жұмыс сапарымен баруды жоспарлауда, сол сапардың барысында Өскеменнен баратын жолды жеке өзі тексеріп, көтерілген мәселелердің қалай шешілгенін бағамдайды.

Шығыс Қазақстан облысы әкіміне К.Раев атындағы Көкпекті балалар үйі ұжымының өкілдері жүгінді. Бүгінгі таңда балалар үйін жабу туралы шешім қабылданған. Ол Өскемендегі «Үміт» балалар үйі» мекемесінің толық жүктемесін қамтамасыз ету қажеттілігінен туындаған. Бұл үшін облыстағы балалар үйлерінің контингентіне талдау жүргізіліпті. Өңірде алты балалар үйі жұмыс істейді, олардың орташа жүктемесі 55 пайыздан аспайды, ең төменгі көрсеткіш «Науалы балалар үйі» және «Көкпекті балалар үйі» мекемелерінде. Көкпекті балалар үйін жабу және балаларды «Үміт» балалар үйіне көшіру туралы шешім қабылданған.

Балалар үйінің қызметкерлері жұмыс орындарын сақтауға және осы мекеменің базасында медициналық-психологиялық диспансер ашуға көмек көрсетілуін сұрайды. Аймақ басшысы, осы мекемеге барып, мәселені бүге-шігесіне дейін зерделеуі тиіс жұмыс тобын құруды тапсырды. Облыс әкімі ешкімнің жұмыссыз қалмайтынын қадап айтты.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов қабылдауға келген әр азаматты мұқият тыңдап шықты. Кейбір мәселелер барынша түбегейлі қарастыруды қажет етеді, облыс әкімі ондай проблемалармен айналысуды жергілікті атқарушы биліктің жауапты органдарына жүктеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар