«Мәңгілік Ел» пойызын Семей тұрғындары қуана қарсы алды

(Дауыстар: 1)
«Мәңгілік Ел» пойызын Семей тұрғындары қуана қарсы алды

«Мәңгілік Ел» пойызы Өскемен, Зырян, Шар қалаларында және тағы басқа да елді мекендерде болғаннан кейін Семейде аялдады. Семейге пойызбен келген 100-ге жуық түрлі сала мамандары тұрғындарға арнайы көмек көрсету бағытында бірден жұмысқа кірісті.

- Бүгін біз «Мәңгілік Ел» пойызын Семейде қуана қарсы алып отырмыз. «Нұрлы жолды» бағдар етіп, Мәңгілік Елдің іргесін қалауда мұндай патриоттық шараның берері мол, - деді Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова.

Жиналған қауым алдында «Мәңгілік Ел» пойызының штаб жетекшісі, тарихшы-жазушы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Әміржан Әлпейісов сөз алып, еліміздегі татулық пен бірлікті ту еткен патриоттық акция қатысушылары атынан семейлік жұртшылықтың ықыласына алғыс білдірді:

- Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, - деді Әміржан Әлпейісов. - Елбасының Мәңгілік Ел ұлттық идеясын ту етіп, осынау патриоттық акцияны ұйымдастыруда бірнеше мақсат көзделді. Соның бірі ретінде жер-жерлерде жұртшылықпен тығыз байланыс орнатып, қоғамымызды нығайтатын шараларды жандандыру болатын. Бүгін Семейге ат басын тіреп отырмыз. Ұлылар еліне үлкен толғаныспен аяқ бастық. Сіздерге Астананың ыстық сәлемін әкелдік. Біздің мақсатымыз - биылғы жылдың тарихи жыл екендігін халыққа кеңінен түсіндіру. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағытында ерінбей еңбек етіп, елге қызмет етуге ұмтылу.

Республикалық акция бағдарламасы түрлі шараларға толы болды. Семейде пойыз қонақтары №6 емхана мен теміржол ауруханасында тұрғындарды қабылдады. Олар майталман медицина қызметкерлерінен ем алды. Білім және ғылым министрлігінің өкілдері Назарбаев зияткерлік мектебінде ақпараттық кеңестер берді. Қала тұрғындары балабақшаға жұмысқа тұру, жоғары оқу орнына құжат тапсыру, грант алу мәселесі бойынша түрлі ақпараттарға қанықты. Ал қаладағы кәсіпкерлікті дамыту бөлімінде шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері қарастырылды. Достық үйінде халықтар достығы туралы келелі әңгіме қозғалды. Абай кітапханасында жұртшылық «Тәуелсіздік тарихы - ұлт рухының өлшемі» тақырыбында дәріс тыңдады.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар