Мемлекеттік қызметкерлер шаңғы тепті

(Дауыстар: 1)
Мемлекеттік қызметкерлер шаңғы тепті

Шығыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Өскемендегі Комсомол аралында мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында Президент тестілерінің қысқы сынақтарын қабылдау спорттық іс-шарасы өтті. Спорт күніне арналған шараға 1000-нан астам адам қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Елжан Қайырхановтың айтуынша, бұл спорттық шара Шығыс Қазақстанның барлық қала және аудандарында өткізіліп жатыр екен.

- Аталған шараны ұйымдастыру арқылы біз жергілікті тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға, олардың спортқа деген қызығушылығын оятуға, сондай-ақ, бұқаралық спортты дамытуды назарға алып отырмыз. Бұл жарысқа мемлекеттік орган қызметкерлерімен қатар, қала тұрғындары да белсенді қатысты, - дейді Елжан Қайырханов.

Шара барысында қаланың 14 емдеу мекемесінен 100-ден астам медицина қызметкер өзара бақ сынасты. Жарыстың қорытындысы бойынша ерлер арасында 1600 метрге шаңғымен жүгіруден 50 жасқа дейінгі жас категориясында бірінші орынды Ана мен бала орталығының қызметкері М.Раев жеңіп алды. Сонымен қатар, 50 жастан асқандар категориясы бойынша үшінші орынды №1 емхананың қызметкері Ж.Байшыбаев иеленді. Ал әйелдер арасында 800 метрге жарысудан 40 жасқа дейінгілер категориясында үшінші орынды Ана мен бала орталығының қызметкері Н.Құрманғалиева алды. Жаяу жүгіруден 70 жастан асқан жас категориясы бойынша бірінші орын облыстық Салауатты өмір салтын сақтау қоғамдық қорының қызметкері В.Гусеваға бұйырды.

Айта кетейік, барлық жеңімпаздарға Шығыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының атынан грамоталар тапсырылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар