Сапалы кадрлармен қамтамасыз етуге мән беріледі

(Дауыстар: 1)
Сапалы кадрлармен қамтамасыз етуге мән беріледі

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Өскеменге келген «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор, ислам құқығының докторы Жуда Абдулғани Басюнимен кездесті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кездесу барысында дін саласына қатысты өзекті мәселелер сөз болды. Оның ішінде теологиялық білім алғысы келетін жастарды шетелге жібермей, отандық жоғары оқу орындарында оқуға бағыттау, оған барынша мүмкіндік жасау, имамдардың біліктілігін көтеру, араб тілін оқытатын арнайы курстар ұйымдастыру және басқа да түйткілдер әңгіме арқауына айналды.

- Меккеге барып мешіт салдырған Құнанбай қажы мен Абай, Шәкерім, Әуез қожаның немересі Мұхтар сияқты ислам дінін терең түсінген ұлылар туған қасиетті Шығыс топырағына қош келдіңіз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мысыр президентінің қолдауы арқасында құрылған «Нұр Мүбәрак» университеті бүгінгі күні Қазақстанда сапалы діни кадрлар даярлауда жемісті еңбек етіп келеді. Қазір аталған оқу орынында біздің аймақтан 35 студент білім алуда. Олардың төртеуі биыл дипломдарын алып, халқына қызмет ету үшін облысқа ат басын бұрмақ.

Тәуелсіздік алғанға дейін біздің өңірде мешіттердің саны саусақпен санарлық болса, қазір олардың қатары 198-ге жетіп отыр. Әрине, мешіттер санымен емес, жамағатымен көрікті. Алайда жамағатқа сауатты уағыз айтып, дінді насихаттайтын білікті мамандар жетіспейді бізге. Бұған қоса ақпараттық технология мықты дамыған қазіргі заманда ғаламторда, әлеуметтік желілерде қазақтың дәстүрлі дініне, діліне, салт-жоралғысына қайшы келетін уағыз-насихаттар көптеп кездеседі. Олардың ақ-қарасын ажыратып, терең талдап беретін сауатты мамандар қажет. Осы олқылықтың орынын толтыруда сіздердің университетпен тығыз қарым-қатынас орнатудың, бірлесіп әрекет етудің пайдасы зор екенін білеміз, - деп атап өткен Жақсылық Омар білім алуға ниетті талапкерлерге берілетін гранттар санын көбейту туралы ұсыныс айтты.

Өз кезегінде құрметті қонағымыз Жуда Абдулғани Басюни елімізде діндердің, оның ішінде исламның өркендеуіне қолайлы жағдай жасаған Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа, сондай-ақ, жергілікті жерде діннің кең қанат жаюына барынша қолдау білдірген облыс әкіміне алғыс айтты.

- «Нұр Мүбәрак» университетін Орталық Азиядағы іргелі, дұрыс бағытты ұстанған мықты жоғары оқу орындарының біріне айналдыру үшін бар күшімізді салып жұмыс істеп жатырмыз. Алдағы бес жылға жоспар құрылған. Соған сәйкес университеттің исламтану факультеті үшке бөлінген. Олар: шариғат және заң, дін негіздері және ислам уағыз-насихаты, араб филологиясы. Бізден оқып шыққан мамандарымыз да осы үш бағытта жұмыс істей алады. Алдағы уақытта Қазақстанның өңірлерінде араб тілі мен ислам діні негіздерін оқытатын арнайы курстар ашса деген ұсыныс бар. Егер сіздердің тараптан бұл ұсынысқа қолдау білдіріп, оның шығындарын көтеріп алсаңыздар, білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін біз мойнымызға алуға дайынбыз, - деп ойын жеткізді Жуда Абдулғани Басюни.

Кездесу соңында ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар айтылған ұсыныстардың ешбірі елеусіз қалмайтынын, тиісті шешім қабылданатынын айта келе Мысыр елінің өкіліне Шығыс туралы естелік кітап сыйға тартты. Ал мәртебелі мейман өзімен бірге ала келген арабша жазылған әдемі естелік сыйлықты тапсырды.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Білім | Кілт сөдер: Жақсылық Омар

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар