Өзге ұлт өкілдері қазақ халқына алғыс айтты

(Дауыстар: 1)
Өзге ұлт өкілдері қазақ халқына алғыс айтты

Кеше Өскемендегі Металлургтер мәдениет сарайында Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының ұйымдастыруымен биыл тұңғыш рет атап өтілген Алғыс айту күніне және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойының бастау алуына арналған форум өтті. Мерекелік шараға жиналғандарды облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мен облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Головатюк құттықтады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Форумның алдында Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Қазақстан менің Отаныма айналды» атты арнайы көрме ұйымдастырды. Оның бірі «Жер аудару» деп аталып, қилы заманда қазақ топырағынан пана тапқан өзге ұлт өкілдерінің тағдырын паш етсе, екіншісі Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихына арналды. Бұдан бөлек Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арнап, қалалар мен аудандардағы Достық үйлері де көрме ұйымдастырды, деректі фильм ұсынылды.

Мерекелік шараға жиналған аймақтағы этномәдени бірлестіктердің, Достық үйлерінің өкілдерін ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар құттықтады.

- Бүгін біз Сіздермен бірге айрықша мерекені атап өтіп жатырмыз. Былтыр Елбасының бастамасымен 1-наурыз - Алғыс айту күні болып жарияланды. Игі бастама барша қазақстандықтардың жүрегінен орын алып, кең қолдауға ие болды. Бұл - ең алдымен мемлекет құраушы қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің Алғыс айтуы. Себебі, біздің әкелеріміз бен аталарымыз өткен ғасырдың 30-шы, 40-шы жылдарындағы нәубет заманда тағдырдың тәлкегіне ұшырап, қазақ жеріне жер аударылып келген ондаған өзге ұлттарға дарқандық, кеңпейілділік танытып, бауырына басты. Баспанасына кіргізіп, қолындағы нанымен бөлісті. Бабаларымыздың сол қамқорлығының арқасында ешкім де далада қалған жоқ. Керісінше, қазақ даласында өсіп-өркендеп, ұрпақтарын оқытып, жеткізіп, өзінің тілін, дінін, салты мен мәдениетін сақтап, дамытып, Қазақстанда бірлік пен достықты нығайтып жатыр. Бұл Қазақстанның ең басты байлығы екенін Мемлекет басшысы үнемі айтып келеді. Сондықтан да, бүгінгі мерекенің маңызы ерекше. Баршаларыңызды облыс басшылығының атынан Алғыс айту күнімен құттықтаймын, - деді Жақсылық Омар.

Өзге ұлт өкілдері қазақ халқына алғыс айтты

Жиналғандарды мерекемен құттықтаған облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Головатюк өткен ғасырдың 30-шы жылдарында қазақ жерінен пана тапқан үш миллионға жуық неміс, поляк, корей, әзірбайжан ұлттары, Кавказ халықтары бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның бейбіт заманында жергілікті халыққа ризашылық сезімдерін білдіріп жатқандығын атады.

Мұнан соң облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар бір топ шығысқазақстандықтарды Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапаттады. Олардың қатарында журналист, жазушы Оңдасын Елубай, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Роза Дәуітова, Глубокое аудандық Достық үйінің директоры Мария Пекур және басқалар бар.

- Біздің ата-аналарымыз нәубеттің тауқыметін айтарлықтай көрді. Қазақ халқы өзі де ашаршылықтың, соғыстың зардабын тартса да, жер аударылып келгендерді сыртқа тепкен жоқ. Қолындағы барымен бөлісіп, барынша көмегін беруге тырысты. Сондықтан біз қазақ халқының қамқорлығын ешқашан ұмытпаймыз, - деді «Вайнах» шешен және ингуш қауымдастығының төрайымы Татьяна Кагерманова.

Дәурен Аллабергенұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар