Қант қызылшасын өңдеуді көздеп отыр

(Дауыстар: 1)
Қант қызылшасын өңдеуді көздеп отыр

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Семей қаласындағы филиалында семинар-кеңес өтті. Оған Семей қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Нүгеров, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Семей қаласындағы филиалының директоры Ардақ Әділжанов, сондай-ақ, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның өкілдері, кәсіпкерлер қатысты.

Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Нүгеров:

- Былтыр елімізде индустрияландырудың бірінші бесжылдығы сәтті жүзеге асты. Семей қаласының әкімдігі индустрияландырудың бірінші бесжылдығына 30-дан аса жоба ұсынды. Аталған жобалардың 17-сі мақұлданып, республикалық Индустрияландыру картасының тізіміне қосылды. Мысалы, «Семей асбест-цементтік бұйымдар зауыты» ЖШС-де автоклавты газобетон өндірісінің тұсауы кесілді. Оның жобалық құны 305 млн. теңгені құрады. Аталмыш жобаның болашағы зор. Қазіргі уақытта кәсіпорын еліміз бойынша құрылыс материалдарын шығаратын алдыңғы қатарлы кәсіпорын болып танылды. Бұл кәсіпорынның шығаратын өнімдері құрылыс жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтауға мүмкіндік береді. Сондайақ, елімізге танымал Семей машина құрастыру зауыты «Маз» маркілі жүк көлігінің соңғы үлгісін жинақтау жобасын кіргізіп отыр, - деді.

Аймақ экономикасының дамуына кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуі септігін тигізеді.

- Қаланың индустриялық дамуына орай мемлекеттік бағдарламаға біз тұрақты түрде атсалысып жатырмыз, - деді кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Нүгеров. - Қала тұрғындарына жыл сайын 5 мың тонна қант керек екен. Біз қантты шеттен тасымалдаймыз. Сондықтан да қант өңдейтін зауыт салу біздің жобада бар. Ал қант қызылшасын өзімізде өңдейтін болсақ, ішкі және сыртқы сұранысты реттеуге болады, жылына 10 мың тонна қант өңдеуге мүмкіндігіміз бар. Бұған қоса балық түрлерін өңдеуді, өсіруді жолға қоймақпыз.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар