Жас отбасылар жарысқа түсті

(Дауыстар: 1)
Жас отбасылар жарысқа түсті

Өскемендегі Металлургтер мәдениет сарайында 1-наурыз - Алғыс айту күні мен 8-наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Шуақты шаңырақ» атты байқау өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты Жастар орталығының мұрындық болуымен өткен шараға қоғамдық ұйымдар мен жас отбасы мәселелерімен айналысып жүрген мемлекеттік мекемелерден алты жұп жас отбасы қатысты.

Фестивальға қатысқан жұптар «Таныстыру», «Тауып көр», «Әкелер конкурсы», «Аспаз ана», «Сәнді жұп конкурсы», «Жанкүйерлер конкурстары» сынды сынақтардан өтті. Қызықты әрі тартысты өткен шараның алғашқы кезеңінде жас жұбайлар өз отбасын әртүрлі жанрда таныстырса, одан кейін әкелер құлақтарына құлаққап киіп, жұбайының емеурініне қарай айтылған сөздерді тапты. Сайыс барысында әкелердің де отбасылық өмірге қарым-қабілеттерін сынап, балалардың киімін жуудан жаюға дейінгі басқышты қалай орындайтынын қазылар алқасы қалт жібермей бақылады. Бұдан кейін аналар ортаға шығып, ас үйдегі өнерлерін көрсетті. Олардың алдына әртүрлі жемісжидек әкеліп қойып, шанышқының көмегімен қандай зат екенін анықтады. Бұл сын жас аналарға оңай тиген жоқ. Соңында әр отбасы мүшелері шығармашылық қырларын көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша ана мен бала орталығынан келген Жакуповтар отбасы бірінші орынды иеленді. Екінші, үшінші орын Айтахметовтар отбасы мен Брагиндер отбасына берілді. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дан келген Лутай отбасы фестивальдың «Отбасылық бақыт» аталымымен, Үлбі металлургия зауытынан келген Александр Ревуцкий мен Наталья Супроненко жұбы «Шуақты шаңырақ» аталымымен марапатталса, сайыстың ең жас жұбы Медет Қуандықов пен Анель Сағатова жұбы «Махаббат формуласы» аталымына ие болды. Жүлделі орын алған жұптарға демеушілер өз аттарынан бағалы сыйлықтар табыстады.

Орайы келгенде айта кетейік, аталмыш шараға «НКГ фирмасы» ЖШС, ЖК «Тойбазаров», «Dedeman» қонақүйі, «Tiffany» безендіру орталығы, «Fresh market» сауда орталығы, «Суши-мания» фирмасы, «Империя люкс» гүлдер орталығы, «Happy day» безендіру орталығы демеушілік жасап, қолдау көрсетіпті.

Мұратхан Кенжеханұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Мәдениет | Кілт сөдер: отбасы

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар