«Ассамблея аруы» байқауы өтті

(Дауыстар: 1)
«Ассамблея аруы» байқауы өтті

Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында дәстүрлі «Ассамблея аруы» байқауы өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кез келген ұлтты ерекшелейтін дүниенің бірі - ұлттық киім болса, бірінен бірі өтетін ұлттық киімдер көрмесін дәл осы сахнадан көруге болады. Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек киген қазақ қыздарымен бірге, ханбок киген кәріс қызы, сарафанын киген орыс қызы, әзірбайжан, шешен, украин, орталықтарының арулары көрермен қауымға өз ұлттық киімдерін бар сән-салтанатымен ұсынды.

Мекеме директоры Елдар Төлеубековтің айтуынша, «Ассамблея аруы» байқауы осымен екінші жыл өткізіліп отыр екен.

- Қазылар алқасына баға бергізіп, жарыс жүргізбейміз, бірақ ғаламтор желісінде алдын ала ұйымдастырылған дауыс беру нәтижесі бойынша жүлдегерлер анықталады. Бұл жерде әр түрлі ұлттың жастары бос уақыттарын өткізеді, ән салады, би билейді. Шараның негізгі мақсаты да - жастарды Ассамблея жұмысына тарту, белсенділіктерін арттыру, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу, - дейді Елдар Төлеубеков.

Мерекелік шараның ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген облысымыздағы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Асқар Нұрғазиев қоғамда әйелдер орнының өте жоғары екендігін тілге тиек етті.

- Біле білсеңіздер, күллі адамзат тарихында ұлы істерді атқарған әйелдер жетерлік. Алысқа бармай-ақ кешегі келмеске кеткен кеңес үкіметі құлаған кезеңді еске алсақ, көптеген қиыншылық осы аналарымыздың мойнына түскен болатын. Сондықтан сіздерге қандай құрмет жасасақ та жарасары анық, құрметті арулар, - деді Асқар Нұрғазиев.

«Ұлттық киім» кезеңінен кейін қыздар сахнаға кешкі көйлектерін киіп шықты. Сахнадағы жүріс-тұрыс, сән мен салтанат, таңдау мен талғам сияқты дүниелер зерделі көрермен қауым назарынан тыс қалған жоқ. Аруларға нағыз баға жалынды қошеметтер арқылы беріліп отырды.

Өнерден де ешкім кенде емес екен. Қазақ мәдени орталығы сахнада кәдімгі қыз ұзату рәсімін жасады, шешен мәдени орталығының өкілі Дарья Шмелева тау халқының биін биледі. Кәрістердің «Торади» деп аталатын әні де көпшіліктің көңілінен шықты. Бұдан басқа армян, украин, орыс халықтарының әндері шырқалып, билері биленді.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Мәдениет | Кілт сөдер: достық үйі

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар