Қуғын-сүргін құрбандарын ғаламтор арқылы табуға болады

(Дауыстар: 1)
Қуғын-сүргін құрбандарын ғаламтор арқылы табуға болады

Ішкі істер министрлігінің mvd.gov.kz порталындағы көптеген қызметтер қолданушылар үшін қолайлы. Жақында іске қосылған «Мемориал» сервисі қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың ұрпақтарына ата-бабаларының тарихын біліп, қайтыс болған, із-түссіз жоғалып кеткен туыстарын табуға көмектеседі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Мемориал» сервисі өткен жылдың қараша айында қабылданған «Ақпараттарға қолжетімділік» заңы шеңберінде аталмыш порталды одан әрі жетілдіру мақсатында ашылған. Сервисті толықтыруға еліміздің барлық облыстарынан ақпарат жиналған. Олардың ішінде Шәкерім Құдайбердіұлы, Рақым Уәлиахметов сынды қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының қылмыстық істері де бар. Мұрағаттық іс облыстық ішкі істер департаментінің мұрағатында сақталулы.

- «Мемориалға» 109186 жазаланған тұлға бойынша ақпарат енгізілген. Олардың ішінде 18000 ақпаратты облыстық ішкі істер департаментінің ақпараттық-сараптамалық орталығы берген. 2015 жылы ғана жазаланған тұлғалардың туыстарынан, ғалым-зерттеушілерден, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардан 555 өтініш түсіп, сұрау салынған. Соның ішінде 442 өтініш біздің елімізден түссе, 105 өтініш ТМД республикаларынан және 8 өтініш Германия, Финляндия, Канада сияқты елдерден түскен, - дейді облыстық ішкі істер департаменті ақпараттық-сараптамалық орталығының бастығы, полиция полковнигі Самат Сүлейменов.

Статистикалық деректерге сүйенсек, қуғын-сүргін жылдары қазақстандық лагерьлерге 5,5 миллион адам жер аударылып келген.

- Жарияланып жатқан тізімге 1930-1953 жылдар кезеңінде қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар туралы мәліметтер кіргізілген. Бұлар - саяси айыппен тұтқындалып, ауыр жазаға кесілген, түрлі мерзімге лагерьлер мен абақтыларға қамалған, жер аударылған азаматтар, - дейді облыстық ішкі істер департаменті ақпараттық-сараптамалық орталығының аға инспекторы Мәдина Молдақанова.

Жаппай саяси жазалау шаралары - ел тарихының ең сұрапыл беттерінің бірі. Жан түршігерлік қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбандарын ақтау 70 жылдан кейін мүмкін болды.

- Ішкі істер органдарының ашықтығын көрсететін кезекті қадам - осы «Мемориал» сервисін жасау. Бұл жобаның басты мақсаты - саяси репрессия құрбандары туралы ақпаратты анағұрлым қолжетімді ету, олардың отбасыларының тарихын қайта қалпына келтіруге көмек көрсету. Болашақта бұл сервис Ұлы Отан соғысы кезінде тұтқынға алынған және Германиядан жер аударылып келген КСРО азаматтары туралы мағлұматтармен толықтырыла түспек, - дейді облыстық ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Бақытжан Торғаев.

Назерке Серікбек
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар