Мәслихат депутаттығынан үміткер Әсем Мамутова сайлаушылармен кездесті

(Дауыстар: 1)
Мәслихат депутаттығынан үміткер Әсем Мамутова сайлаушылармен кездесті

Қазақстанның ең ірі металлургиялық кәсіпорындарының бірі «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ («ӨТМК» АҚ) басшысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттығынан №5 Согр сайлау округі бойынша «Нұр Отан» партиясынан үміткер Әсем Тілекқызы Мамутова сайлаушылармен бірқатар кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында мәслихат депутаттығынан үміткер Әсем Мамутова сайлаушыларды округті дамыту жөніндегі өз бағдарламасының басты-басты қағидаларымен таныс етті. Бұл бағдарлама негізгі жеті тармақтан тұрады. Онда: тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аумақтарды абаттандырып, көріктендіру, су тасқыны оқиғаларының алдын алу шараларын жүргізу, автокөлік жолдары мен жаяу жүргінші жолдарын жөндеу, бей-берекет пайда болып жататын қоқыс тастау орындарын жою, көшелерді жарықтандырып, электр желілерін тарту сынды маңызды мәселелер ескерілген. Сол сияқты, Ә.Т. Мамутова округ ішінде әлеуметтік баспана құрылысын бастап, бастауыш сынып мектебін (1-4 сыныптар) және бір бала-бақша салу жөнінде облыс әкімі мен облыс мәслихаты алдарында мәселе көтеруді де жоспарлап отыр. Үміткер, сондай-ақ, Жаңа Согр кентіндегі Б.М. Шаяхметов атындағы медициналық орталық негізінде жан-жақты медициналық көмек көрсете алатын заманға сай медициналық кешен ашуды да маңызды деп санайды.

Мәслихат депутаттығынан үміткер Әсем Мамутова сайлаушылармен кездесті

№5 Согр сайлау округінің тұрғындары Ә.Т. Мамутованың сайлауалды бағдарламасымен танысып, үміткерге өз сұрақтарын қойды, әсіресе, бағдарламада көтерілген мәселелердің округ ішіндегі нақты-нақты аудандарға қатысты орындалу жолдары тұрғысында. Сайлаушылардың сұрақтарына жауап берген Әсем Мамутова, округ тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелердің қай-қайсысымен болса да жақсы таныс екенін атап өтті. Және де, өзі басқарып отырған кәсіпорын жұмысшылары мен олардың отбасы мүшелері дәл осы №5 Согр сайлау округі аумағында тұрып жатқанын алға тартып, тұрғындар көтерген мәселелер бойынша түгелдей шешім табуға мүдделі екенін де баса айтты.

Округ тұрғындары тарапынан көтерілген барлық мәселелер Ә.Т. Мамутованың сайлауалды бағдарламасында толық ескерілгендіктен де, кездесуге қатысқан сайлаушылар үміткер ұсынған бағдарламаны мақұлдайтындарын жеткізді. Егер, алдағы сайлауда Әсем Мамутова облыс мәслихатының депутаты болып сайланса, онда ол, ондаған жылдар бойы жинақталып, қараусыз жатқан округ ішіндегі түйінді мәселелердің шешімін табуға дереу кірісуге әзір.

Сайлаушылармен арада өткен кездесулерді аяқтай келе, мәслихат депутаттығынан үміткер Әсем Мамутова №5 Согр сайлау округінің тұрғындарын 2016 жылдың 20 наурызында өтетін сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Мәслихат депутаттығынан үміткер Ә.Т. Мамутованың
сайлауалды штабының байланыс телефоны: 8(7232) 23-30-61; 23-31-17,
штаб басшысы - Г. Б. Өмірбекова.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар