ҚХА-нан сайланатын кандидаттар негізгі стратегиялық бағыттарымен таныстырды

(Дауыстар: 1)
ҚХА-нан сайланатын кандидаттар негізгі стратегиялық бағыттарымен таныстырды

Өскеменде Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын ел Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың аймағымыздағы осы консультативтік-кеңесші органның өкілдерімен кездесуі болып өтті. Іс-шараға ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

ШҚО-ға Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын үш депутаттыққа кандидаттан тұратын топ келді. Оның құрамында ішкі істер министрінің орынбасары, «Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Владимир Божко, Қызылорда қаласындағы Оқушылар мен жасөспірімдер үйінің директоры наталья Жұмаділдаева және «Қазақстан ұйғырларының республикалық ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы шаймардан нұрымов бар.

Шығыс Қазақстан облысы ҚХА хатшылығының жетекшісі Асқар нұрғазиев өңір өкілдерінің 21-наурызда Астанада өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс ХХIII сессиясына қатысуға дайындығы туралы айтып берді.

Осы іс-шара кезінде Ассамблея ұсынған ел Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы өтеді.

Кандидаттар кездесуге қатысушыларды кезектен тыс сессияда сайланатын депутаттардың негізгі стратегиялық бағыттарымен таныстырды. Бірінші кезекте олар Қазақстан халқы Ассамблеясының ары қарайғы дамуы үшін заңнамалық базаны қалыптастыруды жалғастырмақ.

- Қазір ел Парламентінде Қазақстанды әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, осы мемлекеттердің әсіресе, экономика және білім беру салаларындағы іс-тәжірибелері зерттелуде, - деді Владимир Божко. - Еліміздің және өзге дамыған республикалардың үздік тәжірибесі біздің заңдарымыздан көрініс табуы тиіс.

Депутаттық корпустың нақты істерінде бес институционалдық реформаның заңнамалық рәсімделуі де өте маңызды болуы тиіс. Олар заманауи мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, экономиканы индустрияландыруға, транспарентті, яғни, ашық, есепті мемлекетті және бірыңғай болашақ ұлтын қалыптастыруға қатысты. Бесінші міндетті іске асыру Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері үшін айрықша мәнге ие. Депутаттыққа кандидаттар Шығыс Қазақстан облысы ҚХА мүшелерінен түскен келешек жұмысқа қатысты ұсыныстарды тыңдады. Олар жиында талқыланған мәселелердің қоғам үшін өте маңызды екенін атап көрсетті.

Ержан Әбіш
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар