Концессиялық жобалар бюджет қоржынын толтырады

(Дауыстар: 1)
Концессиялық жобалар бюджет қоржынын толтырады

Шығыс Қазақстан облысында көлік инфрақұрылымы, денсаулық және білім беру салалары бағыттарында 10 концессиялық жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мемлекет инвесторлардың құрылысты салуға кетірген шығынын (7-10 жылдан соң) 100 пайыз көлемде өндіріп беретіндей шартпен жүзеге асырылатын бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік бере отырып, бюджет қоржынын толтыруға да айтарлықтай ықпал етпек. ШҚО-да жүзеге асырылмақ аса ірі жобаның бірі - 461 шақырымдық Шар-Майқапшағай теміржол желісі. Құрылыстың басталуы мемлекеттік сараптау комитетінің сараптамасын ғана күтіп тұр. Биылғы жылдың алғашқы жартысында жобалау-сметалық құжаттар даярланып, инвесторлар анықталмақ. Жаңа теміржол халықаралық көліктік-экономикалық байланыстарды арттырып, Қытай мен Ресейге, ол елдерден бері қарай жүк тасымалдауға тиімді болмақ. Шар-Майқапшағай теміржолы осы жолдың бойында жатқан ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына, соның ішінде ауыл шаруашылығын, қазба орындарын игеруге, өнім өңдеуге, тұрғындардың жұмыс табуына мүмкіндік береді.

Өскемендегі Виноградов көшесінің тұсындағы Ертіс өзенінің үстіне салынғалы отырған көпірді де мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында концессионер компания салмақ.

Ал Бұқтырма су қоймасының үстіне салынатын көпір құрылысын инвестор немесе Еуразиялық даму банкі қаражатымен мемлекеттік кәсіпорын жүргізбек.

- Бұқтырма су қоймасының үстінен салынатын көпірдің техникалық-экономикалық негіздемесі жасалып, мемлекеттік, экологиялық, салалық сараптамалардың қорытындысы алынып отыр. Ұлттық экономика министрлігі жобаны бекітті. Құрылыс бағасының артып кетпесі үшін көпірді салуға отандық өнім өндірушілердің құрылыс материалдары пайдаланылатын болады, - деді «Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аймақтық орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Шәкәрім Бұқтұғұтов.

Көпірді 2017-2019 жылдары, үш жылда салу жоспарланып отыр. Отандық, шетелдік инвесторлардың қаражатымен Өскеменде 300 төсектік көпсалалы аурухана, Семейде 200 төсектік қалалық балалар ауруханасы салынады. Өткен жылдың қазан айында Өскемен мен Семейде салынатын 11 балабақша құрылысын жүргізуге конкурс өткізілген болатын.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар