Мүлік пен ақшаны жария ету акциясын пайдаланып, балабақша ашты

(Дауыстар: 1)
Мүлік пен ақшаны жария ету акциясын пайдаланып, балабақша ашты

Мемлекеттік кірістер департаменті арқылы 2015 жылдың желтоқсан айынан бері Шығыс Қазақстан облысында тұратын екі азамат 308 млн. теңге қаражатын жария еткен. Ал Зайсан ауданының тұрғыны мүлік пен ақшаны жария ету акциясын пайдалана отырып, көп жыл бойы заңды түрде тіркей алмай келе жатқан балабақша ғимаратын тіркеп, ең басты мәселесін шешіп алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық ақпарат орталығында өткен брифингте ШҚО мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Роза Сейілханова аймақта мүлік пен ақшаны жариялау науқанына өңір тұрғындарының белсене қатысып жатқанын, тіркеліп жатқан мүліктердің ішінде коммерциялық бағыттағы нысандардың да айтарлықтай екенін атап айтты.

- Жуықта Аягөз ауданында да бір азамат коммерциялық нысанын тіркеуден өткізіп, жария етті. Мұндай нысандар жаңа кәсіпорын, қызмет түрін құрып, жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Халыққа мүлік пен ақшаны жариялау науқанының тиімділігін түсіндіру мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, ақпараттық шаралар жүргізіп жатырмыз, - деді мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер бөлімінің басшысы Роза Сейілханова.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Экономика | Кілт сөдер: балабақша

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар